Азаматтық сот өндірісінің ұйымдастырушылық қағидалары. Сот төрелігінің сотпен жүзеге асырылуы.Конституцияның 75-бабында, ҚР АІЖК-нің 7-бабында бекітілген. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. ҚР сот билігі судьяларға берілген. Заңмен құрылған Республикасынң Жоғарға Соты және жергілікті соттары сот жүйесін құрайды. Қандай да бір атаумен арнаулы немесе төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Сот төрелігі дегеніміз – азаматтық, қылмыстық сот өндірісін жүргізу арқылы сот билігін жүзеге асырудың формасы.
Мәнісі мынадай:
1) ешкімнің де сот қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ; мемлекеттік органдар азаматтық істерді шеше алмайды;
2) заңды түрде сот төрелігін жүзеге асрудың процессуалдық қатаң тәртібі орнатылған;
3) мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау жүргізу;
4) азаматтық істерді соттардың ведомстволық бағыныстылығына беру арқылы анықтау.
Сотардың тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңға бағынуы.Конституцияның 77-бабында, АІЖК-нің 12-бабында бекітілген.
Оның мәнісі мынада:
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Сот шешімдері мен талаптары барлық субъектілер үшін міндетті болады;
Судьяға заңмен қарастырылмаған қызметтер мен міндеттемелер жүктелмеуі тиіс;
Судьяларды қаржыландыру республикасылқ бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Осы қағиданың кепілдігі ретінде Конституцияда мынадай ережелер бекітілген:
судьялардың ауыстырылмайтындығы;
удья лауазымына тағайындау, сайлану, босату тәртібі Конституциялық заңда бекітілген;
сот қызметіне араласуға тиым салу;
сотты құрметтемегені үшін жауапкершілік қарастырылған;
судьяның өміріне қол сұғылмаушылық:
судья саяси партияларда, қоғамдық бірлестіктерде мүше бола алмайды.
Судьяға мемлекеттің есебінен материалдық қолдау көрстеу, әлеуметтік қамсыздандыру:
Заңдарда судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартудың негіздерін нақты бекіту.
Азаматтар мен ұймдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.Конституцияның 14-бабы, АІЖК-нің 13-бабы бекітеді. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайды. Сондықтан да сот төрелігі тең құқықлық негізінде жүзеге асырылады, ешкімге артықшылық берілмейді.
Сот талқысының жариялылығы. АІЖК-нің 19-бабында бекітілген. Азаматтық сот талқысы ашық сот отырысында өтікізіледі. Заң 16 жасқа толған кез келген азаматтың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына рұқсат етеді. 16 жасқа дейін тек куә, іске қатысушы тұлға ретінде қатыса алады.жабық сот отырысын өткізуге тек қана заңда көрсетілген негіздерде: мемлекеттік құпия жарияланатын болса, жеке тұлғаның құпиялары жарияланатын болса, оның өтініші бойынша өткізіледі. Жазысқан хаттар, телеграммадағы мәліметтер иесінің рұқсатымен ғана жариялануға жатады. әйтпесе жабық сот отырысында жариялануы тиіс. бұл ережелер фотосуреттер, бейне, үн таспалар жарияланғанда да қолданылады.
Сот отырысын бейнетаспаға, кино, фотосуреттерге түсіру үшін соттың және іске қатысушылардың рұқсаты қажет және белгілі бір уақытқа шектелуі мүмкін. Сот залында отырған орнынан жазбаша жазып алуға, аудиожазу құралдарын қолдануға құқылы.
Сот өндірісінің ұлттық тілі. АІЖК-нің 14-бабында бекітілген. Бұл қағида ҚР Конституциясында 7-бапта бекітілген нормадан туындайды: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өззі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады». ҚР тіл туралы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасында сот өндірісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот өндірісінде мемлекеттік тілмен бірге орыс тілі немесе өзге тілдер де қолданылады». Сот өндірісінің тілі қойылған талап арыздың тіліне байланысты анықталады.
Екінші жағынан, Конституцияның 19-бабының 2-бөліміне сәйкес, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқығы бар. Сондықтан да іске қатысушы тұлғалар процессте өз ана тілінде сөйлей алады, барлық соттық әрекеттерге аудармашы арқылы қатыса алады. сот өндірісі жүргізілетін тілді білмейтін қатысушыға өз тілінде процессуалдық әрекеттер жасауға және іс материалдарымен аудармашының көмегі арқылы таныса алады. аудармашының қызметі тегін көрстілуі тиіс.