Сот мәжілісінің хаттамасы. Сот отырысының хаттамасы сот отырысындағы барлық жүзеге асырылған процессуалдық әрекеттер көрсетілген іс жүргізу құжаты. Сот хаттамасын жүргізу соттардың қарастыратын азаматтық істерінде міндетті түрде болуы керек.
Хаттамада жазылған мәліметтер негізінде сот шешімінің сот талқысында анықталған деректерге сәйкестігін тексеруге болады; шешімді істі қараған сот құрамы қабылдаған ба, іске кім қатысты және олардың процессуалдық құқықтарын қолдануға мүмкіндік берді ме, қандай өтініштер болғанын анықтауға болады.
Сот мәжілісінің хаттамасы бойынша тараптардың түсініктемесінің мазмұнын, куәлардың түсініктемесін, сараптама қорытындысының мазмұнын анықтауға болады.
Хаттама сот талқысының жүрісін және іс бойынша анықталған мән-жайлардың сипаттамасын куәландыратын процессуалдық құжат.
Хаттама сот мәжілісінің өзінде немесе сот мәжілісінен тыс жеке процессуалдық әрекет негізінде хатшымен дайындалады. Іске қатысушы тұлғалар және олардың өкілдері іске қатысты негіз болған әрекеттерді хаттамаға енгізуге құқылы. Хаттамаға ескертуді төрағалық етуші қарастырады және ескертумен келіскен жағдайда оның дұрыстылығын куәландырады. Сот мәжілісінің хаттамасына ескерту бес күн ішінде қарастырады.