1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Сот шешімінің түрлері, оның мазмұны



бет64/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112
Байланысты:
дәріс

Сот шешімінің түрлері, оның мазмұны. ҚР АІЖК 217-бабына сәйкес, істі негізі бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім түрінде шығарылады. Сот шешімдерінің түрлері: кәдуілгі және сырттай; қысқаша және дәлелелді; дереу орындалатын және уақытылы орындалатын.
Сот шешімінің құрылымы: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.
Сот шешіміне қойылатын талаптар. Сот шешімді Қазақстан Республикасы атынан шығарады. Сот шешімі заңды және негізді болуға тиіс. Сот шешімді сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді (ҚР АІЖК 218-бап).
Кеңесу бөлмесінде, сот жабық түрде төрағалық етушінің басшылығымен ҚР АІЖК 219-бабында бекітілген келесі деректілік және құқықтық түрдегі сұрақтарды талқылайды және шешеді: шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, осы іс бойынша қандай заң қолдануға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын – жатпайтынын айқындайды. Сот істі талапкердің талаптарының шегінде шешеді. Алайда талапкердің келісуімен сот, егер бұл талапкердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет деп тапса, сондай-ақ көзделген басқа да жағдайларда, талапкер мәлімдеген талаптардың шегінен шығуы мүмкін. Сот іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтауды немесе дәлелдемелерді қосымша зерттеуді қажет деп тапса, істі мәні бойынша қайта қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады.
Судья шешімді жазбаша түрде жазады және оған барлық қатысушы судьялар қол қояды. Шешімге түзету судьялардың қол қоюының алдында айтылуға тиіс (ҚР АІЖК 221-бап). Қол қойылғаннан кейін және судьялардың сот мәжіліс залына келгенінен кейін судья шешімді жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет