16 ТАҚЫРЫП. СЫРТТАЙ СОТ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ ШЕШІМ Сырттай сот өндірісінің түсінігі, маңызы және негіздері. Істі сырттай қараудың ерекшеліктері. Сырттай шешімнің түсінігі, мазмұны және заңды күші. Сырттай шешімге шағым беру және оның құқықтық салдары.
Дәріс Сырттай сот өндірісінің түсінігі, маңызы және негіздері. ҚР АІЖК 24-тарауы «сырттай шешім» ұғымын және жаңа азаматтық істерді қарастыру процедураларын қарастыратын «сырттай сот өндірісі» деп аталатын ұғымды кіргізді.
ҚР АІЖК 260-бабына сәйкес, азаматтық істер сырттай іс жүргізу тәртібінде қарастырылады, егер талап қоюшы бұған қарсылық білдірмесе, тиісінше мәжілістің өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланған және дәлелді себептермен келе алмайтындығы туралы хабарламаған немесе өзінің хатысуынсыз істі қарастыра беру жөнінде өтініш білдірмеген жауапкер сот мәжілісіне келмей қалған жағдайда сот істі сырттай өндіріс бойынша қарап, сот сырттай шешімі шығарады. Бұндай қарапайымдылық дауды шешуді тездетіп, траптардың өз әрекеті үшін жауапкершілігін жоғарылатуға, жауапкердің тарапынан процессуалдық құқығын арам пиғылда пайдалануына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
Сырттай өндірісті жүргізу үшін бірнеше талаптарды жауап беруі қажет:
жауапкер тиісінше хабарланған болуы тиіс, бұл туралы іс материалында мәлімет бар, бірақ ол сотқа келмей қалған жағдайда;
Талапкер сырттай шешім шығаруға келіскен жағдайда.
Егер сот мәжілісіне келген талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай сот өндірісінде қарауға келісімін бермесе сот істі қарауды кейінге қалдырып, келмей қалған жауапкерге қайтадан сот талқысының өткізілетін уақыты мен орны туралы шақыру қағазын жібереді.