1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет22/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

3. Әлеуметтік өзгерістер. Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі және сырқы күштердің әсерінен болатын әлеуметтік организм. Әлеуметтік өзгерістер дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері әртүрлі және олар қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады. Себебі әлеуметтәк жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас бөліктердің жинақталған жалпы нәтижелерінен тұрады. Олардың ішінде:
1) ақырғы нысандар.
2) нысандардың өзара байланыстары.
3) біртұтас жүйе ретіндегі нысандар қызметі.
4) шекаралар
5) жүйе салалары
6) қоршаған орта
Бастапқыда алғашқы болып көрінген құрамдас бөліктер мен өлшемдер, әлеуметтік жүйе моделі түрлері өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер төмендегідей болып келуі мүмкін:
- құрамдық
- құрылымдық
- қызметтік
- шекаралық
- әлеуметтік
- қоршаған орталық
Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып, оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады. Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де болады. Социология ғылымында әлеуметтік өзгерістер эволюциялық және революциялық, прогресшіл және регресшіл, имитациялық және инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық ілеуметтік өзгерістер – бұл біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Әдетте мұндай өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді: мазасыздық кезеңі, көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі және институттану кезеңі.

4.Қоғамдағы адамдардың арасында теңсіздік болады. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да әртүрлі болады. Жекеленген индивидтер мен топтар арасында әлеуметтік жіктелу бар. Олар бірқатар өлшемдер арқылы жіктеледі. Мысалы, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейң, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынасы және т.б. Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген сөз геологияда жердің қабаттарын анықтауда қолданылады. Ал қоғамға байланысты біз «жік» деген сөзді қолданамыз. Адамзат тарихынан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі страталардың болғанын білеміз. Қоғамдағы адамдарды страталарға бөлудің тарихи үш түрі болады: касталар, сословиелер, таптар. Осы жіктеудің үш түріне байланысты стратификациялық жүйе ашық және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустарымен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызамыз. «Каста» деген сөз латын тілінде «таза» деген мағына береді. Мұндай әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп отырады. Бұл қоғамда негізгі 4 каста бар: 1) брахмандар (дін иелері, абыздар), 2) кшатрилер (әскери адамдар), 3) вайшилер (саудагерлер), 4) шудралар (шаруалар мен қолөнершілер), ал бесінші кастаны хариджандар, қоғамның ең төменгі сатысындағылар құрайды. Олар қоғыс жинау, тери илеу, шошқа бағумен айналысады. Касталық әлеуметтік жүйеде бір кастадан екіншісіне өтуге мүлде тиым салынған. Бұл өмір бойы берілген тағдыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет