1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет24/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

5.Әлеуметтік стратификация. Көлденең жылжу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның сол деңгейінде бола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.
Тік жылжу-адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше- жоғары топтан төменге өтуі.
Атап айтқанда, адамдардың «кірістері айырмашылығында, өмір сүру деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін» (Сорокин П. Цивилизация общество. М., 1992,302-бет) экономикалық теңсіздік тік жылжудың объективті жағы ретінде болады.
Жан басына шаққандағы ақшалай есептелген ұлттық табыс пен байлық негізінде әр түрлі әлеуметтік топтың экономикалық мәртебесін айқындау П.Сорокиннің «Элеуметтік қозғалмалылық» жұмысында жазылған мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, түрлі қоғамның тұрмыс жағдайы мен кірісі бір елден басқасына, бір топтан басқасына елеулі түрде ауысады. Екіншіден, бір қоғамның өзінде де тұрмыс жағдайы мен кірістің орташа деңгейі тұрақты емес, уақыт бойынша өзгеріп отырады.Үшіншіден, ұлттың, қоғамдастықтың, топтың тарихында баюдың және сол сияқты кедейленудің тұрақты үрдісі жоқ. Барлық белгілі жақсы үрдістер шектелген уақыт кезеңінде ғана белгіленген. Тарих «гүлдену жұмағы» немесе «кедеойлік тозағы» бағынатын тұрақты үрдістердің болатыны туралы пайымдауға жеткілікті негіздер бере алмайды. Ұлттық кірісті бөлу, мысалы тұрақтылығы едәуір европа елдерінде тек маятникті тербелісті ғана білдіреді.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемалары адамзат өмірінің басты ерекшелігі және оның орталық проблемасы – теңсіздік проблемасына тікелей байланысты. Ғылыми әдебиеттерде қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтңк теңсіздік екенін мойындайды. Теңсіздік адамдардың біреулерінің жоғары ал біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді. Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді. Қоғамда әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта саты орналасуынан байқалады. Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р.Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет