1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Қоғамның әлеуметтік құрылымы



бет21/51
Дата28.09.2023
өлшемі208,33 Kb.
#182902
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің табиғат пен қоғамда тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтамыз. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; б) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасу негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастар және в) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ олардың бәріне ортақ жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құбылыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлінуі тиіс деп санайды. Ал марксистік социология болса қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға. Қоғамдық қондырма саяси және заңдық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі. Қоғамдық базисті өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бірлігі құрайды. Осы екуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады. Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек заты.
Қондырманың құрамын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананы формаларына бөлуге болады. Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпағ ұлт, мемлекет т.б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді: саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсер ете алады. Базистің қондырмаға тигізетін әсері шешуші роль атқарады. Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз болуы мүмкін. Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да үстем болады, себебі материалдық өндіріс құралдары мен рухани өндіріс құралдары да солардың қолында болады.
Адамдардың өмірі біртұтас қоғам көлемінде ғана емес, сондай ақ айтарлықтай кіші әлеуметтік топтардың ішіндегі қоғамдық қатынастарда да жүріп жатады. Сондықтан социологтар «әлеуметтік топ» деген ұғымды анықтап, оның классификациясын жасауға, ол топтардың қоғам құрылысындағы орнын анықтауға тырысады.
«Әлеуметтік топ» ұғымы жайлы туралы бініңғай пікір жоқ, сондықтан оның анықтамасы да көп. Солардың ішінде, жиі кездесетіні келесідей. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым-қатынас орната отырып, түрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыратын көптеген адамдардың үлкенді кішілі жиынтығы. Мұндай топ айтарлықтай тұрақты болады. Бүгінгі ғылымда әлеуметтік топтар ірі, орташа, және кіші деп үшке бөлінеді. Ірі (глобалдық) әлеуметтік топтарға жататындар: тұтас қоғам (ел) көлеміндегі адамдар жиынтығы (алғашқы адамдар тобыры, ру, тайпа, халық, ұлт сияқты этнографиялық топтар), таптар, әлеуметтік-экономикалық формациялар, кәсіптік топтар, жасына қарай топтасу т.б.
Орташа топқа бір кәсіпорында және бір территорияда жұмыс істейтін адамдардың өндірістік жиынын (бір селоның, бір ауданның, қаланың тұрғындарын) жатқызады. Территориялық жиынтық өзбетінше болатын топтасу. Өндірістік бірлестіктер белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады және өзінің құрамы мен қатынастарын иерархиялық өкмет билігінің құрылысымен, шешімдер және заңдар қабылдау жолымен реттеп отырады.
Сондай-ақ толып жатқан ұсақ топтар болады – отбасы, бастауыш өндірістік ұйымдар, мектеп сыныптары, курс, т.б. Ұсақ топтардың ерекшелігі – олардың мүшелері бір-бірімен тікелеей байланыста болады. Ұсақ топтар мақсатты (формальды) және әлеуметтік-психологиялық (формальды емес) болып бөлінеді.
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамның пайда болуы жайлы қалыптасқан теориялар: ғылыми және ғылыми емес, соған сәйкес: инструменталдық қағида (концепция), жыныстық, гендерлік, кратикалық (кратическая – жалпы теория жүйесіне сүйене отырып, қоғамның пайда болуын басқарушы-билеуші топпен қатыстырады), семантикалық қағида (коммуникативтік тәсіл шешуші рөл атқарады). Қазіргі кездегі қоғамға қатысты әлеуметтанулық теориялар: постиндустриалдық, жаһандық (глобальное) қоғам теориясы, коммуникативтік қоғам қағидасы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет