Табиғи ресурстардың экономикалық бағалануы – табиғат ресурстарын игерудің оңтайлы мерзімін, түрін, кезегін, мөлшерін анықтау, ренталық табыстарды, төлемдерді анықтау, өндіруші салалардың өнімдерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу, табиғат ресурсын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық мүмкіндіктерін болжау, жеке аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау, табиғатты пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау, жеке шаруашылық әрекеттердің жобасын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу, арендалық және концессиялық, т.б. төлемдерді есептеу, табиғи ортаға келтіретін зияндарды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |