Сарқылатын табиғи ресурстар - үздіксіз пайдаланылуы себепті оларды ары қарай пайдалану экономикалық тиімсіз болатын деңгейге дейін жетеді. Оның үстіне, тұтыну мерзіміне сай келмейтін мерзімде олар өздігінен қалыпқа келуге қабілетсіз (мысалы, минералдық ресурстар); сарқылатын жанданатын — өздігінен қалыпқа келуге қабілеті бар ресурстар (көбею немесе басқа табиғи кезеңдер арқылы), мысалы, өсімдіктер, жануарлар әлемі, су; ресурстары. Бұл қосалқы топта өте баяу қарқынмен жанданатын ресурстар (құнарлы жерлер, ағашының сапасы жоғары орман ресурстары) бөлек көрсетіледі.