Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс табу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.
I сатысы П сатысы Ш сатысы
ЖК
А -Т …Ө… Т1-А1
ҚЖ
Мұнда:
А – ақша қаражаты;
Т – тауар;
ЖК – жұмысшы күші;
ҚЖ – құрал-жабдық;
Ө - өндіріс процесі;
Т1- дайын өнім;
А1 – сатылған өнімнен алынған ақша қаражаты
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бip функцияны атқарады:
А-Т - біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;
Ө - екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады; кәсіпкер сатып алған тауарларын өндірісте қолданады. Ол тауар шығарушы ретінде әрекет етеді. Оның капиталы өндіріс процесін іске асырады. Нәтижесінде оның шығарған тауары үлкен құнға айналады, өндіріс элементінің құнына қарағанда нүктелер процесінен өндіріс процесінің қозғалысын анықтайды.
Т1-А1 үшінші сатысында дайын өнім шығарылады, оны сату арқылы табыс алынды.
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйесі іске асады: өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.
Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады.
Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.
Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.
Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.
Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.
Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді.
Амортизация (лат. Amoctisatio - орнын толтыру) - негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі - негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.
Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.
Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:
1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,
2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.
Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.
Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.
Айналым қаражаты - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.
Айналыс қорлары - өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.
Олардың құны өндірілген өнімге толығымен ауысады. Айналым қорларының негізгі элементтері - еңбек заттары. Өндірістік запастар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, ыдыстар т.б.) тозатын еңбек құралдары кәсіпорнының айналым қаражаты есебінен алынады.
Айналым уақыты - өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған айналым санымен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |