1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі. «Экономика» ұғымы. Экономика ұғымын үш көзқарастық тұрғыдан анықтау: экономика шаруашылық іс-әрекет ретінде, экономика шаруашылық жүргізу туралы ғылым ретінде, экономика шаруашылық жүргізу жағдайында қалыптасатын адамдар арасындағы қатынастар ретінде. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Экономикалық теорияның қызметтері: ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік. Негізгі экономикалық ұғымдар:қажеттілік, материалдық игіліктер мен қызметтер, экономикалық қорлар, ресурстың шектеулі болуы, экономикалық қатынастар, экономикалық заңдар мен категориялар.
Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері: ғылыми абстракция, анализ және синтез, индукция және дедукция, экономиканың математикалық үлгісін жасау, экономикалық тәжірибе жүргізу.