13 Тақырып.
ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ
13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
13.2. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері
13.4. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар (субъектілер)
13.5. Мемлекеттік реттеу объектілері және функциялары
13.6. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерінің қажеттілігі
13.1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және маңызы
Динамикалық теңгермешілікті қолдаудағы мемлекеттің экономикалық саясатының рөлі орасан зор және оның кейбір экономикалық процестерді реттеу қабілеттілігі экономика және саясат қатынастарымен байланысты. Мемлекет қоғамдық жүйенің өзегі, ол билікті бақылайды және барлық басқа мемлекеттік емес институттарды бақылайды. Мемлекет қоғамдық өмір қағидаларын қалыптастырады және нысандарын ұйымдастырады. Мемлекет жалпы мүддені жекеден бөліп, адам мінез-құлқының жаңа нысанын тудырады.
Сондықтан мемлекеттің пайда болуы және өмір cүpyi тарихи қажеттілік қана емес, сонымен бipгe экономикалық дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Үкіметтің «ұлы қолы» А. Смит жазғандай, бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолын» реттеуге тиіс.
Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) нарықтық экономика жағдайында - бұл бұрынғы әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзгеру жағдайына бейімделу және тұрақтандыру мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы белгілі шаралар.
Экономиканы реттеудің мемлекеттік саясаты кез келген үкімет үшін, нарықтың немесе әміршіл – бөлу экономикасы екендігіне қарамастан объективті қажеттілік болып табылады.
Бөлу экономикасында мемлекет тауар мен қызметтің өндіру және бөлудің барлық құқығы мен міндеттерін өзіне алады. Бұл жерде, дегенмен, реттейтін еш нәрсе жоқ, мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін және дәрменсіздігін көрсетті.
Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарларды өндіруді ұйымдастыру және ресурстарды бөлу міндеттері тұрмайды. Мемлекеттің мұндай жүйеде ресурстарға, капитал және өндірілген тауарларға билік ету құқы болмайды.
Нарықтық жүйе - бұл ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы айрықша құзыреті болып табылады. Сонда да мемлекеттің реттеушілік функциясының маңызы ерекше болып қала береді. Epкін бәсеке кезінде нарықтық тетік экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешуге дәрменсіздік танытып өндіргіш күштердің басым бөлігі жеке меншікке көшеді, мемлекет экономиканың үлкен құрылымын өзі ұстауға мәжбүр болады: темір жолдар, пошталар, телеграф т.с.с. Еңбек бөлінісі негізінде мемлекет аралық интеграцияның күшеюі, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан шығуына, қорғаныс, ғылым, ғарыш, сондай-ақ жұмыс күшін ұдайы өндіру, экологиямен байланысты және т.с.с жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі. Экономикалық және саяси шешімдерді реттеу тетігіне араласу қажеттілігі пайда болады.
Қaзipгi жағдайдағы ЭМР ұдайы өңдірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол экономикалық өсу, жұмыспен қамтуды реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ығысулар, экспортты қолдауды ынталандыру міндеттерін шешеді.
Қазір ЭМР тетіктері дүние жүзінің дамыған елдерінде: Францияда, Германияда, Испанияда, Австрияда, Нидерландия, Скандинавия елдерінде қолданылды. Англия, АҚШ, Канада, Австрия т.б. елдерде ЭМР әлсіздеу дамыған.
ЭМР әсіресе дамушы елдер мен бұрынғы социалистік мемлекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін маңызды болып саналады, бұл елдерде ЭМР-дің жаңа түрлерінің әлі өзіндік тәжірибесі жоқ. Сондықтан кемшіліктерді қайталамас үшін, экономиканы мемлекеттік реттеуді зерттеу және ic-тәжірибеде пайдалану тиімді.
Мемлекеттік экономикалық саясаттан басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) мақсаттарды бөлуге болады. Басты мақсаттар- басым түрдегі экономикалық және әлеуметтік теңгермешілікке жету, ұлттық бәсеке артықшылығын, экономикалық қауіпсіздікті, нарық тетігінің әртүрлі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз ету болып табылады.
Нақты мақсаттар мемлекеттік реттеу объектілерімен бөлінеді, бірақ әрдайым экономиканың меншікті секторына сүйене отырып, қоғамдық және жеке мүдделер қажеттілігінен туындайды, мұны 13.1 кестеден байқаймыз.
13.1 кесте
Экономиканың мемлекеттік секторы
- бұл мемлекеттік биліктің орталық немесе жергілікті органына тұтас не ішінара жататын шаруашылық субъектілері кешені
|
қ ұрылу нысандары
-кәсіпорын салаларын мемлекеттік меншіктеу;
-мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік құрылыс;
-мемлекеттік бюджет қорлары есебінен шаруашылық субъектілерін мемлекеттік сатып алу
|
Қ ызмет аясы
-әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым;
-көп инвестициялар қажет ететін шикізат және энергетика салалары,ал капитал айналымдылығы баяу;
-каржысыйымды және сыйымдықты салалардағы инновациялық процестер;
-қоршаған ортаны қорғау;
-милитаризация және конверсия, ғарышты игеру
|
Ө судің негізгі себептері
-халық саны;
-соғыс және ұлттық қорғаныс;
-қоғамдық игіліктep сұраныс және урбанизация;
-қоршаған орта сапасы;
-кедейшілікті жою және табыс теңсіздігін қысқарту
|
ЭМР субъектілері болып табылатындар келесі белгілі орталық (федералды), аймақтық, муниципалды немесе коммуналды басқару органдары болып табылатын шаруашылықты басқарудағы мемлекеттік монополизм.
Ол социалистік елдерге тән, бірақ қазір де кейбір посткоммунистік мемлекеттерде сақталады;
- нарықтық және мемлекеттік реттегіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары-"Жапондық", "Шведтік" моделдері, ФРГ, Австрия әлеуметтік-бағдарланған нарықтық шаруашылық моделдері дамудың "қытайлық" нұсқасында іске асырылды;
- АҚШ-тағы сияқты шексіз кәсіпкерлік шарттарына ғана тиімді деп танитын, либерализм.
Заң шығару, атқару және сот мемлекеттік билігі күшті жерде ЭМР тиімді болып саналады.
Мемлекеттің экономикалық саясаты әсерінен кез келген ұлттық, нарықтық экономика белгілі функциялық экономикалық жүйе (ФЭЖ) ретінде дамиды. Оларды қолдау немесе сәйкестікке келтірумен белгілі функциялар арқылы, мемлекет (үкімет) шұғылданады. Мәселен, ФЭЖ атынан динамикалық түрде өздігінен реттелуші жүйе, ұлттық нарықта макроэкономикалық тепе-теңдікті қолдауға бағытталған, олардың жүйелік элементтері құрылады. Ол ақпарат, тауар, қызмет көрсету, технология, ноу-хау, капиталдың әртүрлі нысандарымен, жұмыс күшімен т.б. айырбас жасауға жағдайлар жасайды.
Мәселен, мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейі ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы тиіс. Алтын-валюта қорының көлемі, тауарлар импорты шығындарын, кемінде үш ай ішінде жабуға жеткілікті болуы қажет; жұмыссыздықтың шекті деңгейі еңбекке қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс т.с.с. Мемлекеттік реттеу көмегімен, белгілі деңгейде, осындай салыстырмалы параметрлерді ұстап тұруы ішкі нарықтағы тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамикасын қамтамасыз етеді.
ФЭЖ-ге тән мысал: бәсекелестік жүйе құру; айналымдағы ақша массасын реттеу жүйесі; ішкі баға деңгейін қолдау жүйесі; жиынтық сұранысты ынталандыру жүйесі; төлем балансын қолдау жүйесі т.б.
Функциялы экономикалық жүйелер (ФЭЖ) өзін-өзі реттеу және мемлекетті саясат көмегімен бүкіл халық шаруашылығының нәтижелі қызметіне нарықтық инфрақұрылымның әр-алуан элементтерін іріктеп біріктіреді, мұны 13.2 кестеден көруге болады.
13.2 кесте
Экономиканы әлеуметтік бағдарлы реттеу мақсатындағы функциялы экономикалық жүйенің мемлекеттік саясаты
- мемлекеттік реттеудің әлеуметтік бағдары
|
ж үзеге асырылады
-өндіріс құралдары меншік иелері мүдделері ғана емес, сондай-ақ шар-қ жүргізудің басқа да қатысушыларының, соның ішінде материалдық рухани игіліктерді тікелей өндірушілер мүдделері
|
н егізгі нысандар
-мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру
-мемлекеттік қамқорлық
|
н егізгі құралдар
-тауар және қызметтерді үкіметтік сатып алу;
-экономиканың мемлекеттік секторымен тауар және қызмет өндіру;
-жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру және жекелеген азаматтарды қамсыздандыру жөнінде трансфертті төлемдер
|
н егізгі көздер
-салық салу
-мемлекттік меншік мүмкіндіктері
|
Өнеркәсібі дамыған елдердегі өзін-өзі реттеу тетігі, сол елдерді күйзелтетін экономикалық дағдарыстарды тоқтатуына әсерін тигізеді
Мысалы 1973-1975жж. экономикалық дағдарыстар, циклды дағдарыстар, дамыған елдер экономикасында әлеуметтік бағдарлы өзін-өзі реттеудің тиімді тетіктері пайда болғанын кең түрде керсетіп берді.
Сонымен, мемлекет ұлттық, экономиканың тиімді қызмет атқаруына құқықтық негіз бен әлеуметтік ортаны анықтайды. Ол үшін табыс және ресурстар бөлінеді, жұмыспен қамту мен инфляция деңгейі бақыланады. ЭМР экономикалық жүйені тұрақтандыру, оны өзгермелі жағдайға бейімдеу мақсатында заң шығару, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |