1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде



бет1/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#87512
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тақырып: Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану Пән: Әлеуметтік-саясаттану білім модулі Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған


Лектор: оқытушы Мухитов О.М.
Ақтөбе 2020

Дәріс жоспары


1
Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні
2
Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы
3
Әлеуметтанулық білімнің құрылымы
4
Әлеуметтанудың заңдары
5
Әлеуметтану ғылымының қызметтері (функциялары)

1. Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні

  • XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында қоғам туралы ғылыми зерттеулер экономикалық, демографиялық, заңдық және өзге де аспектілерде бөліне бастады. Бұған әлеуметтанымдық зерттеулер де қосылды. Осы кезеңнен бастап қоғам дамуының жан-жақты құбылыстарын танып білуде оның әлеуметтік жақтарына көңіл аударуға байланысты әлеуметтану пәні қалыптаса бастады.
  • Этимологиялық тұрғыдан алғанда «Социология» деген қоғам туралы ғылым. Бұл термин латынның societas (қоғам) және гректің logos (ілім) деген екі сөзден құралған, ал оны ғылыми қолданысқа енгізген, осы дербес ғылымның негізін салушылардың бірі саналатын француз ойшылы Огюст Конт. Сонымен «Әлеуметтану» – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелер дамуының, оның өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым. (П.А.Сорокин. Система социологий. Т.1.) Ал неміс ғалымы М.Веберге сүйенсек, әлеуметтану - әлеуметтік жүріс-тұрыстарды түсіну мен ұғындыруға ұмтылатын ғылым. Себебі, оның ойынша, әлеуметтік жүріс-тұрыс адамның қатынастарынан туындайтын оның позициясы. Қазіргі замандық ғылымда – әлеуметтану қоғамды әлеуметтік толық жүйе ретінде қарастыратын және осы жүйенің жеке тұлғалар, әлеуметтік қауымдар, институттар сияқты өзіндік құрамдас элементтері арқылы қызмет етуі мен дамуы туралы ғылым деген анықтама кең тараған.
  • Әлеуметтанудың зерттеу нысаны (объектісі) – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда, құрамында топтары, таптары, жіктері, ұйымдары, ұлттары, халықтары бар әлеуметтік қоғам әлеуметтанудың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісінің ерекшелігі объективті өмірдің нақтылы реалдығымен байланысында.

Огюст Конт
(1798-1857)
француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы
Еңбегі - «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат»
Макс Вебер
(1864-1920)
неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы
Еңбектері: «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде», «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы»
  • Тарих барысында әлеуметтану пәні туралы түсініктер ауысып отырды. Мысалы, Ұлы француз социологі Эмиль Дюркгейм пәнді әлеуметтік фактілер деп көрсеткен. Қазіргі замандық ғылымда – әлеуметтану пәні әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік өзара әрекеттесулер, әлеуметтік қатынастар және оларды ұйымдастыру амалдары деп танылады. Немесе, тағы бір анықтаманы келтіретін болсақ - қоғамдағы жеке адамдар, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қарым-қатынастарындағы, олардың іс-әрекеттеріндегі барлық проблемалық жағдайлар социологияның зерттеу пәні болып табылады. Сонымен, әлеуметтік, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, оларды ұйымдастыру амалдары сияқты ұғымдар әлеуметтанулық білім пәнінің ерекшелігін түсінудің бастаулары болып табылады.
  • Жалпы айтқанда, әлеуметтану пәніне әлеуметтік ерекшелігі бар барлық байланыстар мен қатынастар жиынтығын жатқызамыз. Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы. Қазіргі ғылымда «әлеуметтік» деген терминнің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, бұл термин адамдар арасында әлеуметтік байланыстардың болатындығын дәлелдейді. Осы мағынада «әлеуметтік» термині – қоғамдағы жасына, дүние-мүлкіне, ұлттық белгілеріне қарай ерекшеленетін адамдардың, түрлі қауымдардың өзара ықпалдары жүзеге асатын қоғамдық өмір өрісін анықтаумен байланысты. Ресей ғалымы Г.В.Осипованың айтуынша әлеуметтік деген, қоғамдық қатынастардың тұлғааралық деңгейдегі көрінісі. Шын мәнінде индивидтер өзара әрекеттесу процесі арқылы бір-біріне әсер береді, себебі олардың әрқайсысының өзіндік әлеуметтік сапа-қасиеттері бар.

Эмиль Дюркгейм
(1958-1917)
француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы
Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіңдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет