1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы



бет5/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#87512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

  • Әлеуметтану жеке дара емес, басқа да әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Әлеуметтанудың әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, және басқа да ғылымдармен арақатынасын, өзара әсерін зерттеу аса маңызды. Әлеуметтанумен әлеуметтік философияның арақатынасы социологияның философия ғылымына жатпайтындығына, әлеуметтік философияға қарағанда қоғамның аясы тарлау заңдарын зерттеуіне байланысты. Әлеуметтану да әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай интегралды құрылым ретінде қарастырады. Бұл – осы екі ғылым саласының тығыз байланысын көрсететін ортақ белгілері. Әлеуметтік философия әлеуметтанудың жалпы теориялық және методологиялық негізі болады. Қоғамның жалпы философиялық заңдарының, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары, ерекшеліктері болады. Әлеуметтану осыларды зерттейді. Егер әлеуметтік философия өзінің дамуында қоғам туралы арнайы ғылымдардың жетістіктеріне тікелей сүйенетін болса, социологиялық зерттеулер басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, эмпирикалық тұрғыдан тексеруге болатын әлеуметтік деректерді жинау мен талдауға, жинақталған нақтылы эмпирикалық мәліметтерге тікелей негізделеді. Ал әлеуметтік философия қоғамдық дамуды абстракциялы түрде жоғары деңгейде сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет