1 тақырып Әлеуметтану ғылым ретінде


Әлеуметтану ғылымының қызметтері (функциялары)



бет14/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#87512
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

5. Әлеуметтану ғылымының қызметтері (функциялары)


гносеоло-
гиялық
болжамдық
әлеуметтік жобалау мен құрастыру
ұйым
дастыру-технологиялық
басқару
инструмен
талдық
Әлеумет-
тану
қызметтері
Гносеологиялық қызмет бұл ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Әлеуметтануда жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады. Таным құралдарына алғашқы эмпирикалық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады. Таным процесі әлеуметтік теорияларға, білімге мазмұндық және методологиялық жағынан жаңа теориялық, методологиялық парадигмаларды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұған сыншылдық қызмет те қосылады, ол зерттеліп жатқан нысандарды бағалаумен байланысты болғандықтан, аксеологиялық қызметпен толықтырылады. Нақтылы жағдай танылмайтын әлеуметтік факті ретінде көрінеді. Әлеуметтік құбылыстар үшін болжамдар жасалынуы аса маңызды шешім. Ол белгілі бір өзгерістерді ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қоса сондай өзгерістердің іске асуының нақты мүмкіндіктерін де анықтайды. Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет