Психологиялық эволюционизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы Социологиялық ойдың ағымы болып табылады, оның өкілдері қоғамның даму процесін бағытталған сипатқа ие ғарыштық эволюцияның бір бөлігі ретінде қарастырды.
Инстинктивизм - адамның биологиялық табиғатына қарау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түсіндіруге ұмтылған бағыт.
Бихевиоризм - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.
Көпшіліктік психологиясы - шағын топтарда психикалық процестердің жиынтығын зерттейтін әлеуметтік психология саласы: ұйымшылдық, көшбасшыларды ұсыну, топтық шешімдер қабылдау
Әлеуметтанудың құрылымы:
1) Мазмұндық:
- Эмпирикалық деңгей. Арнайы әдістерді пайдалана отырып, әлеуметтік өмірдегі шынайы фактілерді жинау мен талдауға арналған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы
- Теориялық деңгей. Тұтас әлеуметтік жүйе мен оның элементтерінің даму үрдісін түсіндіруші көзқарастар, пікірлер, гипотезалар, пайымдаулар жиынтығы
- Методологиялық деңгей. Әлеуметтік білімнің қалыптасуы, жинақталуы мен қолданылуы негізіндегі қағидалар жүйесі
2) Мақсаттық:
- Іргелі әлеуметтану. Әлеуметтік шынайылықтың қалыптасуы жөніндегі білімнің, әлеуметтік даму үрдісін түсіну, сипаттау, түсіндіруге қатысты ғылыми мәселелерді шешеді.
- Қолданбалы әлеуметтану. Шынайы тиімді әлеуметтік нәтижелерге жетуге бағытталған теориялық модельдер, әдістер, зерттеу тәсілдері, әлеуметтік технологиялар, бағдарламалар мен ұсыныстар жиынтығы.
3) Масштабтық:
- Макроәлеуметтану (этностар, мемлекеттер, әлеуметтік институттар, топтар)
- Микроәлеуметтану (тұлғааралық қатынастар, топтардағы байланыстар үрдісі, күнделікті шынайылық саласы)
Достарыңызбен бөлісу: |