Социологияның міндеттері – әлеуметтік жүйелерді типологизациялау, әр-бір әлеуметтік объектінің байланыстары мен қанастарын заңдылық деңгейінде зерттеу, түрлі әлеуметтік жүйелерді дұрыс басқару мақсатында заңдылықтардың әсер ету механизімі мен көріну формалары туралы нақтылы ғылыми білім алу. Әлеуметтанудың қоғам өміріндегі сан қырлы байланыстары, оның қоғамдық белгіленген мәртебесі ең алдымен оның атқарған міндеттері арқылы анықталады. Сондықтан социологияның міндеті – әлеуметтік болмысты және оны қайта құруды түсіндіретін екі қызметімен сипатталады. Әлеуметтік теорияларды шартты түрде басым бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөледі. Іргелі бағыттағы теориялар социологияның тұжырымдамалық аппаратын қалыптастыруға, зерттеу әдістерін айқындауға және ғылыми проблемаларды шешуге бағытталған. Қолданбалы теориялар қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.

Сондықтан қолданбалы әлеуметтану «әлеуметтік инженерлік», «әлеуметтік технология», «әлеуметтік гигиена», «әлеуметтік терапия» сияқты ғылым салаларымен ұштасып отырады. Қолданбалы социология ұғымының енгізілуіне байланысты социологияның пәні де кеңейеді.
Сонымен, әлеуметтанымдық білімнің мәні мен бағдары бойынша іргелі және қолданбалы болып бөлінуі жеткілікті шартты ұғымдар. Олардың кез-келгені тікелей немесе жанама болсада ғылыми және практикалық міндеттердің шешілуіне белгілі үлес қосады.