Георг Вильгельм Фридрих Гегель /1770-1831/-классикалық неміс философиясының көрнекті өкілі, обьективтік идеалист. Ол өзінің «барлық ақылға сиятын нәрсе-шындық, барлық шындық ақылға сыяды. Гегель философиясының жүйесі үш бөлімнен тұрады: а) логика, ә) табиғат философиясы б) рух философиясы (феноменология). Оның философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниеден бұрын пайда болдандығы. Ол өзінің «Логика» деген еңбегінде баяндайды. Гегель бойынша даму процесі, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис /нақтылау/, антитезис /нақтылауды теріске шығару/ және синтез /терістеуді-терістеу/. Мысалы, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, күйреуі-антитезис, ал күйреп бара жатқан денелердің өзінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір жаңа материалдық денелерге айналуы – синтез болады.