1 Тақырып. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері. Дәріс мақсаты


Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар



бет2/46
Дата08.02.2022
өлшемі264,5 Kb.
#98576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
1510691601359 дәріс

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;
Философия дегеніміз не?
Дүниеге көзқарасты қалай түсінеміз?
Мифологиялық көзқарастың мәні неде?
Философияның негізгі мәселесіне не жатады?
Материализм және философияның арақатынас қандай?
Философияның қандай қызметі бар?
Диалектика және метафизика қандай ойлау тәсілі?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.
2. Тақырып. Ежелгі дүние мен қазақтардың алдыңғы философиясы. Шығыс пен Антика философиясы.
Дәріс мақсаты: Ежелгі заманның философиясы және Антика заманының философиясымен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1. Философияның мәдени-тарихи алғышарттары.
2. Ежелгі Қытай және Индия философиялық ойларындағы ерекшелік
3.Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
1. Философияның мәдени-тарихи алғышарттары.
Ол біздің заманымызға дейінгі Х ғасырда басталды. Бұл қола дәуірінене көшу, рулық-тайпалы құрылымының ыдырауы, тауарлы ақша қатынасының қалыптасуы, мемлекеттің пайда болу кезеңдері болатын. Ертедегі Үнді философиясы. Ол брахманизмге оппозициядан басталды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі-әскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі-абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі-басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі-төменгі каста (шудралар). Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларды қоғам ісіне араластырмады. Брахмандар масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені брахманизмдер мифологиялық көзқарасқа негізделген, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Біздің заманымыздан бұрынғы УІІ-УІ ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайнизм мен буддизм еді. Осылардың негізінде үнділік философия қалыптасты.
Джайнизм-этикалық ілім. Оның негізі-адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босаты. Джайнизм-материяны жансыз дүние затына жатқызады. Буддизм-біздің заманымызға дейінгі УІ-У ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Ол браманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Кейіріек үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенеді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған – Сиддхарта Гаутама Будда (б.з.д. 623-524 жж.). Буддизмде төрт басты мәселе бар: 1) өмір азапқа толы; 2) ол азаптардың себебі бар (ол-қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тыйымсыз әуестік); 3) азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; 4) азаптан құтылудың кезі бар. Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет