4. Тақырып Қайта Өркендеу дәуірі философиясы. Дәріс мақсаты: қайта өркендеу философиясының қалыптасу ерекшеліктерін көрсету. Ренессанс пен Реформация философиясымен таныстыру.
Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі /Николай Кузанский, Пико Делла Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б./ адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытта дүниеге әкелсе, екіншісі /Николай Макиавелли, Томас Мор, Томаз Компанелло/ адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшіншісі /Н. Коперник, Д. Бруно, Г.Галилей/табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйене түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты. Пантейзм - (гр. Pan – бәрі және tcheos-құдай) - құдай табиғаттан тыс бола алмайды, ол табиғатпен барабар бейқам бастама дейтін философиялық ілім. Терминді Толанд енгізген (1705). Бұрын пантейзм деген желеумен көбінесе табиғатқа материалистік көзқарас көрініс тапқан болса (мыс. Бруно және Спиноза ) қазір ол дүниенің құдай арқылы өмір сүруі туалы діни-идеалистік теорияға айналды және ғылымды дінмен жақындастыру әрекеті болып табылады.
Ежелгі заманнан ІХ ғасырға дейінгі кезең- қазақтардың ата-тегінің философиясы бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипаты басым болды.
Ежелгі заманнан ІХ ғасырға дейінгі кезең- қазақтардың ата-тегінің философиясы бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипаты басым болды.
Түркі халықтарының философиясы ІХ-ХІУ ғасырға дейін оның көрнекті өкілдері бүкіл дүние түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анархарис, Қорқыт, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Иассауи. Бұл кезде түркі тілдес халықтардың философиясының «Алтын ғасыры» деуге болады.