Мәдени саясаттың басты принциптері - Н. Назарбаевтың Қазақстан халқынына арналған жолдауынан. Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласына ерекше мән беріледі. Елбасы Н. Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауында жиырма жетінші бағытында былай делінген. Біріншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасының жүргізілген жұмысты жаллғастыра отырып, «Қазақстан халықтарының Рухани Даму Қорын» құру туралы мәселені жете зерделеу керек. Қор тұрақты мониторинг жүргізіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің көмегімен және тиісті қоғамдық ұйымдарды қатыстыру арқылы біздің халықтарымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамытуды қолдап отыруға тиіс. Қорды басқару корпоративтік басқару қағидаттарының негізінде жүргізілуге тиіс.
Екіншіден, «тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланылатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс.