1-тақырып. Жалпы ережелер



бет26/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Үшінші міндет: мемлекеттік сыңайлы* және жеке сектордағы жемқорлыққа қарсы әрекет ету. Бұл жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларының
үшінші басты бағыты. Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) мемлекеттік сыңайлы және жеке сектордың азаматтарға қызметтерді көрсетуіде ашықтықты қамтамасыз ету;
2)банк процедураларында, табиғи монопо-лияларда электронды технологияларды пайдалану аясын кеңейту;
3)мемлекеттің құрылыс саласына және эконо-миканың басқа салаларына қатысуын қысқарту. Төртінші міндет: сот және құқық қорғау орган-дарында жемқорлықтың алдын алу. Бұл жем-қорлыққа қарсы әрекет етудің төртінші бағыты.
____________________
*Ескертпе: сыңайлы – латын тілінен quasi – сыңайлы, тәрізді, секілді, жалған, жасанды. Мемлекеттік сыңайлы органдарға, мысалы, жалпы юрисдикцияның соттар жүйесіне жатпайтын конституциялық сот жатқызылады.
Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) судья кандидатурасына тағайындалатын талаптарды күшейту;
2) сот өндірісін қарапайым ету;
3) сот қызметінің автоматтандырылуын жоға-рылату;
4) құқық қорғау органдарының жұмысында басымдықты жасалған қылмыстарды айқындаудан олардың алдын алу жағына аудару;
5) кадрлар саясатын конкурстық негізде, меритократия* қағидсымен жүзеге асыру;
6) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттау және тестілеу процедураларын жетілдіру;
7) қызметерлерді кадрлар қорын пайдаланусыз аударуға тыйым салу.
Бесінші міндет: жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру. Бұл жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларының бесінші басты бағыты.
Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдарды және жалпы азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстармен қамту;
2) БАҚ арқылы қоғамның жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қаматамсыз ету, бұл атмосфера қазақстандықтардың белсенді қоғамдық позициясын қалыптастыруға, олардың жемқор-лыққа қарсы әрекет ету процесіне жігермен қатысуға себептеседі;
3) қоғамда құқықтық нигилизмді** түбегейлі жою;
____________________
*Ескертпе: меритократия – латын тілінен meritus–лайықты; кадрларды іскерлі, кәсіби адамгершілік қасиеттері бойынша іріктеуді білдіреді.
**Ескертпе: нигилизм –латын тілінен nihil– ештеңе, ешнәрсе. Көпшілік қабылдаған құндылықтарды теріске шығаруды, әділеттілік пен заңның үстемдігіне сенбеуді білдіреді.
4) тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру.­­
Алтыншы міндет: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша халық-аралық ынтымақтастықты дамыту. Бұл жемқор-лыққа қарсы алтыншы басты бағыты.
Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту әрі тереңдету;
2) Еуропа Одағымен өзара әрекеттесу;
3)ұлттық заңнама ерекшеліктерін ескеріп шетелдік тәжірибені пайдалану;
4) офшор аймақтары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, ол арқылы капитал, көп жағдайда заңсыз жолмен табылған капитал заңдастарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет