1-тақырып. Жалпы ережелер



бет27/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Негізгі тұжырымдар:
1) Заңнамалық актілермен қатар, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын білдіру нысанына ҚР Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жатады.
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия – ұзақ мерзімді әрекет ету актісі. Мұнда жемқорлықты жою жөніндегі мемлекет пен қоғамның негізгі мақсаты мен міндеттері анықталған, оларға қол жеткізу мен шешудің жолдары мен құралдары айқындалған.
3)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қабылдану фактісіне Қазақстанның қазіргі саясаты мен экономикасының ерекшеліктері, құқықтың ахуалы, әлеуметтік сұраныстардың деңгейі мен мазмұны себеп.
4) Жемқорлыққа қарсы әрекет ету шаралары жемқорлықты жою проблемасына қатысты басты алты бағыт пен тәсілдеме жөніндегі міндеттерге сәйкес топтастырылған.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия», «саяси стратегия» ұғымдарының мазмұны неден тұрады?
2. ҚР-ның 2015-2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы актілерінің жалпы жүйесінде алатын орны мен бағыты қандай?
3.Стратегияда орын алған мемлекеттің сыбай-лас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаты не?
4. Бұл мақсатқа қандай міндеттерді шешу негізінде жетуге мүмкін болады?
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қандай басымдық бағыттағы шаралары бар?
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың басымдық бағыттағы шаралары мен міндеттерінің өзара байланыстылығының сипаты қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Толеубекова Б.Х. Концептуальные аспекты современной стратегии борьбы с преступностью в контексте стратегии «Казахстан-2050» // Хабаршы-Вестник КазНПУ имени Абая. Серия «Юриспруденция». - 2013. - №4(34). – С. 9-14.
2.Толеубекова Б.Х. Государственная политика противодействия преступности и контроля над неюв РК: проблемы и перспективы усовершенствования // Хабаршы-Вестник КазНПУ имени Абая. – 2015. - №1(39). – С. 45-49.
3.Толеубекова Б.Х. Формы реализации государственной политики Республики Казахстан по противостоянию коррупции // Актуальные проблемы реформирования уголовного и уголовно-процессуального законодательства Республики Казахстан: Сб. научных трудов. – Алматы, 2013. – С. 111-128.
4. Толеубекова Б.Х. Государственная политика борьбы с коррупцией в Республике Казахстан: проблемы национальной стратегии и программы действий // Отечественная наука в эпоху изменений: постулаты прошлого и теории нового времени: V Международная научно-практическая конференция. – НАУ, Екатеринбург, 2014. - №5, ч.3. – С. 149-151.
5. Мадиев А. Концептуальные основы борьбы с коррупцией в органах государственной власти // Современные проблемы и тенденции развития уголовного права, криминологии и уголовно-исполнительного права Республики Казахстан: Международная научно-практическаяконферен-
ция. Материалы. – Караганда. – 2009. – Том 1. – С. 346-349.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет