1-тақырып. Жалпы ережелер


алуы (ҚР ӘҚБК 679 б.) ретінде ұғынылады



бет70/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

алуы (ҚР ӘҚБК 679 б.) ретінде ұғынылады.
Осы құқық бұзушылықтың жасалуы үшін алты жүз АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Мемлекеттік органдар, ҚР Қарулы Күштері, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе ҚР Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қолданбауы не көрсетілген шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұза отырып қолдануы не кiнәлi тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы мемлекеттік органдар басшыла-рының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралар қолданбауы (ҚР ӘҚБК 680 б.) ретінде ұғынылады.
Осы құқық бұзушылықтың жасалуы үшін жүз АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Мемлекеттiк органдар, мекемелер мен кәсiп-орындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдинг-тер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау (ҚР ӘҚБК 681 б.) ретінде ұғынылады.
Осы құқық бұзушылықтың жасалуы үшін жүз АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Осылайша, ҚР ӘҚБК нормаларында қарас-тырылған кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалуы үшін әкімшілік жазаның бір шарасы – айыппұл белгіленеді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы әкімшілік теріс қылықтың субъектісі және объектісі

ҚР әкімшілік заңнамасына сәйкес жалпыланған түрде теріс қылықтардың субъектілеріне мыналар жатады:
1) ҚР азаматтары;
2) шетел азаматтары;
3) азаматтығы жоқ тұлғалар;
4) мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімшелері, кәсіпорындар, мекемелер және басқа да мемлекеттік ұйымдар;
5) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
6) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;
7) әкімшілік құқықтар және міндеттер бөліп берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

ӘҚБК 28, 29 баптарының ережелеріне сәйкес 16 жасқа толған, есі дұрыс тұлға жалпы субъект болып табылады.


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты әкімшілік құқықта арнайы субъект қарастырылады.
Осылайша, ҚР ӘҚБК ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының субъектілері ретінде мыналар қарастырылады:
- лауазымды тұлғалар (30, 677-681 б.);
- ҚР қарулы күштері, басқа әскерлер мен әскери құрамалар жетекшілерінің ішінен алынған әскери қызметкерлер (32, 680 б.);
- Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын жетекшілер, жауапты хатшылар және басқа да лауазымды тұлғалар (680 б.);
- жеке тұлғалар (ҚР азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар (28, 676, 677 б.);
- заңды тұлғалар (678 б.).
Көмегімен берілген құқық қатынасы үшін қарастырылған міндеттер мен құқықтар іске асырылатын басқару саласындағы адамдардың әрекеттері (жүріс-тұрысы) әкімшілік-құқықтық қарым-қатынастардың объектісі болып табылады:
- жалпы объект – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар;
- тікелей объект – субъект адамдарының жүріс-тұрысы (әрекеттері)*.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет