1-тақырып. Жалпы ережелер



бет68/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін тағайындалатын жауапкершілік шарасы.
ӘҚБК 41 бабында әкімшілік жазаның мынада түрлері қарастырылған:
___________________
*Қараңыз: Ибрагимов Х.Ю. Административное право Республики Казахстан (Общая часть): Учебное пособие. – Алматы: Дәнекер. – 2000. – 155 б.
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылық жасалуының қаруы немесе мәні болған затты, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

4) арнайы құқықтардан айыру;


5) рұқсаттан айыру немесе оның әрекетін тоқтату, сонымен қатар оны тізілімнен шығару;
6) қызметті тоқтату немесе оған тыйым салу;

7) заңсыз негізде тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі құлату;


8) әкімшілік тыйым салу;
9) шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік шығарып жіберу.
Жазаның бұл шаралары негізгі және қосымша шаралар болып топталады. Негізгілеріне мыналар жатады: ескерту; әкімшілік айыппұл; әкімшілік тыйым салу. Әкімшілік жазаның қосымша шараларына мыналар жатады: тәркілеу; заңсыз негізде тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі құлату. Қалған шаралар екі жақты сипатқа ие, яғни олар әкімшілік жазаның негізгі шаралары болып, қосымша шаралары болып та қолданылуы мүмкін.

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты теріс қылықтар

Жемқорлыққа қатысты теріс қылықтардың жаса-луына байланысты қоғамдық қарым-қатынас-тардың құқықтық регламентациясы «Әкімшілік


сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» деп аталатын ҚР ӘҚБК 34 т. орналастырылған.


ӘҚБК нормаларына сәйкес әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мыналар жатқызылады:
- жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676 б.);
- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677 б.);
- заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678 б.);
- мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679 б.);
- мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралар қолданбауы (680 б.);
- бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау (681 б.).
Осылайша, ӘҚБК-де жемқорлыққа қарсы бұйрықтарды қамтитын 6 бап қарастырылған.
Тараптардың бірі ретінде әрдайым әкімшілік билік субъектісінің болуы әкімшілік қарым-қатынастардың ерекшелігі болып табылады. Екінші тарап ретінде басқа барлық субъектілер – мемлекеттік органдар, мекемелер, ұйымдар, азаматтар болуы мүмкін.
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға не оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызмет-тер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, бұл

әрекеттер заңсыз материалдық сыйақының берілуі (ӘҚБК 676 б.) ретінде ұғынылады.


Бұл әрекетті жасағаны үшін екі жүз АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет