1-тақырып. Жалпы ережелер


Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектісі



бет64/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

2. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектісі

Жалпы әскери сыбайлас жемқорлық қылмыс-тарының субъектілеріне әскери қызметкерлер жат-қызылады. Әскери қызметкерлерге мыналар жата-ды: мерзімді қызметтен өтіп жатқан сарбаздар, сержанттар, старшиналар, жоғары мерзімді қыз-меттегі әскери қызметкерлер – прапорщиктер, мичмандар, кіші, аға және жоғары офицерлік құ-рам тұлғалары. Курсанттар және әскери оқу орын-дарының тыңдаушылары нақты әскери қызметінде болады.


Әскери қызметкерлер мен әскери міндеттілерді ажырата білу қажет. Әскери міндеттілер – бұл Қарулы кұштер запасындағы тұлғалар. Олар Қарулы Күштердегі мерзімді қызметінен өткен, заңды негіздерде босатылып, запасқа шығарылған. Олар әскери қылмыстардың субъектісі ретінде тек әскери жиындар кезінде ғана танылуы мүмкін. Бұл санатқа ЖОО-лардың әскери кафедраларына жазылған студенттер жат-қызылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты айтатын болсақ, билікті теріс пайдалану, асыра пайдалану немесе билік әрекетсіздігінің субъектісі ретінде ҚР ІІД ішкі әскері мен шекара қызметін қоса алғанда, әскери бастықтар және әскер мен флоттың өзге лауазымды тұлғалары танылады.
Жоғарыда айтылған жайт қарастырылып отырған қылмыстардың субъектісі арнайы сипатқа ие екендігін білдіреді. Бұл специфика әскери қызмет саласындағы қарым-қатынастарды реттей-тін нормативтік құқықтық актілерде белгіленетін әскери қызметкерлердің мәртебесімен анықталады.
Әскери басшы – бұл жарғылармен және өзге актілермен қарастырылған жауынгердің барлық құқықтары мен міндеттері таралатын әскери қызметкер. Әскери басшының атқарылуы міндетті әскери бұйрықтарды беру құқығына оған сеніп тапсырылған әскери бөлімнің өмірі мен қызметін қамтамасыз ету, әскери жағдайлар немесе соғыс уақытында жұмыс ісету жөніндегі міндеттер себеп.
Әскери басшының бұйрықтары әскери қызметкерлерге олар әскери бөлім қарамағында болған кезде ғана емес, тыс жерде болған кезде де таралады.
Әскери басшы оған бағынышты тұлғадан төмен әскери атаққа ие болуы мүмкін. Бұдан тәуелсіз әскери басшының бұйрықтары оған бағыну үшін міндетті болады.
Әскери басшыдан басқа өзге де лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субъектісі бола алады. Оларға әкімшілік-өкім беруші және ұйымдастырушылық-шауарышылық функцияларға бөленген әскери қызметкерлер жатқызылады. Өзге лауазымды тұлғаларға, мысалы, интендант*, санитар инспекторы және т.с.с. жатқызылады.

________________


*Ескерту: интендант – әскерді азық-түлікпен, киім-кешекпен және т.с.с. жабдықтау мәселелерімен айналысатын офицерлік құрамның әскери қызмектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет