1-тақырып. Жалпы ережелер


Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының объектісі



бет65/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстарының объектісі

К.Ш.Курмановтың пікірінше, әскери қылмыстардың қоғамдық қаупі олар Қарулы Күштерде қалыптасатын қоғамдық-қарым-қатынастарға қол сұғатындығымен анықталады. Бұл қарым-қатынастар әскери заңнамамен реттеледі. Бұл заңнаманың бұзылуы әскердің соғысқа дайындық дәрежесіне залал келтіреді, әскери тәртіп босаңсиды. Аталған автор әскери қылмыстардың мынадай ерекшеліктеріне назар аударады:


- әрекеттің әскери қызметті атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы бағытталуы (арнайы объект);
- әскери қызметкерлердің немесе әскери мін-деттілердің әрекетті оқу немесе тексеру жиында-рынан өту кезінде жасауы (арнайы субъект);
- әскери қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заң бойынша әрекеттің жазаланушылығы (әскери-қылмыстық құқыққа қайшылық)*.
Қылмыс объектісіне қатысты, әскери қызметті атқару тәртібі (әскери тәртіп) әскердің өмірі мен әскери қызметінің процесінде туындайтын, мемлекеттік заңдарда, әскери антта, әскери жарғыларда және әскери заңнаманың өзге актілерінде бекітілген қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы болып келеді. Бұл тәртіп барлық әскери қызметкерлер үшін міндетті.
Әрбір әскери қылмыс белгілі бір, нақты қоғамдық қарым-қатынастарға қол сұғады.

__________________


*Қараңыз: Курманов К.Ш. Көрсетілг. шығарма. – 564-565 б.
Бұл қызмет бойынша басшылар мен бағыныштылардың, әскери шен бойынша үлкендер мен кішілердің, бағыныштылық пен жоғары тұрушылық қатынастарынан тыс әскери қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы; әскери қызметтен өту тәртібі; әскери мүлікті қолдану және әскери техниканы пайдалану тәртібі; әскери құпияны сақау тәртібі; әскери кезекшілікті атқару тәртібі; қарауыл, ішкі және басқа да арнайы қызметтерді атқару тәртібі, бұл әскери қылмыстың
тікелей объектісі болып табылады*.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әскери қылмыстарға тоқталсақ, осы әрекеттердің тікелей объектісі ретінде бөлімшенің, әскери бөлімнің және жалпы алғанда әскер мен флоттың тиісті соғысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін әскери басшылар мен өзге лауазымдық тұлғалардың қызмет тәртібі танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет