1-тақырып. Жалпы ережелер



бет63/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Соғыс уақыты – Қазақтан Республикасының соғыс жағдайында болу кезеңі. Әскери жағдай – әскери бөлімнің, бөлімшенің қарсыласпен әскери қақтығыс жағдайында болу уақыты. Ұрыс жағдайына мына жайттар себеп: а) дұшпанның жақын болуы; б) оның шабуылдау қаупінің болуы; в) онымен тікелей қақтығысқа түсу қаупінің болуы; г) әскери банда шабуылын кері қайтару; д) шекара бекетіне жасалған шабуылды тойтару.
Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарының жалпы анықтамасы ҚР ҚК 3 бабының 6) тармағында келтірілген. Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтарға әскери ықзметті атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы бағытталған, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жатқан әскери қызметкерлер, сондай-ақ запастағы азаматтар, олар жиыннан өту уақытында жасаған әрекеттері жатқызылады.
Әскери қылмыстардың айрықша қауіпті дәрежесі әскери арсеналға, жерүстінде, суда және әуеде әрекет ету спектріне ие әскери техникаға санкцияланған, рұқсат етілген қол жетімділіктің болуына байланысты. Бұған қоса, бұл қол жетімділік әскери техника мен қару-жараққа иелік етуге бағытталған арнайы білім алумен түйін-дескен. Сонымен қатар, қару-жарақ пен арнайы әскери техниканың заңды қолданылуы сыртқы қару-жарақтан, сондай-ақ мемлекеттің ішіндегі тәртіпсіздіктерден мемлекеттің аумақтық біртұтас-тығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Жоғарыда айтылған жайт әскери сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қатысты билік санатының дұрыс ұғынылуын өзекті етеді.
А.А.Тарановтың атауынша, биліктің норма-тивтік ресурстары орындалуы міндетті шешімдерді қабылдау құқығына байланысты. Нормативтік тұр-ғыда билік көп жағдайда субъекттің нормативтік және өкім беруші сипаттағы шешімдерді қабылдау қабілеттілігі ретінде қарастырылады*.
________________
*Қараңыз: Таранов А.А. Феномен власти в контексте проблем борьбы с организованной преступностью // Борьба с организованной преступностью и коррупцией: Материалы международной конференции. – Алматы: Алматинская высшая следственная школа ГСК Республики Казахстан. – 1996. – 130 б.
Ахуал әскери жарғының ықпалынан шиеленісе
түседі, мұнда жоғары тұрған әскери командирдің бұйрығы бағынышты адамға орындау үшін міндетті болып табылады.
ҚР ҚК 450 бабына сәйкес, бастықтың немесе лауазымды тұлғаның қызмет мүдделірен қарама-қайшы, өзі үшін не басқа тұлғалар не ұй-ымдар үшін пайда және артықшылықтарды табу немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті не қызметтік жағдайын теріс пайдалануға байланысты әрекеттер азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдде-лерінің, не қоғам мен мемлекеттің заңмен қорға-латын мүдделерінің айтарлықтай бұзылуына әкелетін жағдайларда теріс пайдалану сыбайлас жемқорлық қылмысы болып табылады.
Бастық – бұл қызмет бойынша әскери қызметкерлер тұрақты түрде немесе уақытша бағынышты болатын тұлға. Дербес жағдайларда командир бастық болып аталады.
Қызмет бойынша әскери қызметкер уақытша бағынышты болған бастық оның тікелей бастығы болып табылады, ал ең жақын бастығы - тікелей. Бұл ретте бастық пен бағынышты ара-сында тұрақты не уақытша қызметтік қарым-қа-тынастар болады, алайда бұл қатынастар тең тұл-ғалардың қарым-қатынастары болып саналмайды. Бастық оған бағынышты әскери қызметкерлердің қызметін басқарады және олардың әрекеттері үшін жауап береді. Ол бағынышты адамдарға бұйрық беруге, оның сөзсіз орындалуын талап етуге құқылы*.
Қарастырылып отырған ҚР ҚК 450 бабында төрт бөлім қарастырылған. Қылмыстың ауырлық дәрежесіне байланысты жазаның мынадай негізгі
__________________
* Қараңыз: Курманов К.Ш. Воинские преступления // Уголовное право Кыргызской Республики. (Особенная часть). – Бішкек. – 2000. –563-607 б.
- бірінші бөлім бойынша – төрт мың АЕК түрлері белгіленген:
мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса төрт жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- екінші бөлім бойынша (егер әрекет ауыр салдарға әкеліп соқтырса) - төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- үшінші бөлім бойынша (әрекет әскери жағдай уақытында жасалды) - жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- төртінші бөлім бойынша (әрекет соғыс кезінде жасалды) - он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚЕ 450 бабының барлық төрт бөлімі бойынша жзаның қосымша түрлері қарас-тырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
ҚР ҚК 451 б. (2 тармақ), екінші бөлім) сәйкес бастықтың немесе лауазымды тұлғаның оның құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен шығатын, ауыр салдарға әкеліп соқтырған әрекеттерді жасауы немесе әрекеттердің өзі үшін не басқа тұлғалар не ұйымдар үшін пайда және артық-шылықтарды табу не басқа тұлғаларға не ұйым-дарға зиян келтіру мақсатында жасалуы билікті не қызметтік өкілеттіктерді сыбайлас жемқорлық-қа қатысты асыра пайдалану болып ұғынылады.
Бұл қылмыс үшін бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза түрлері қарастырылған. Бұған қоса, қосымша жаза түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
ҚР ҚК 452 бабының ережелеріне сәйкес бастықтың немесе лауазымды тұлғаның өзі үшін немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда және артықшылықтарды табу немесе басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің лауазымдық міндеттерін орын-дамауы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің, не болмаса қоғам мен мемле-кеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің айтар-лықтай бұзылуына әкеліп соқтырған жағдайларда биліктің әрекетсіздігі деп ұғынылады.
«Атқарылмау» ұғымының мазмұндық жағын «орындалмау» ұғымынан ажырата білу қажет. Орындалмау өз мәнісі бойынша «бағынбау» ұғымына жақын. Орындамау бастық бұйрығын атқарудан ашық және қасақана бас тарту болып танылады. Атқарылмау абайсыздыққа негізделуі мүмкін, мұнда кінәлі тұлға бұйрықты соңына дейін, толығымен атқармайды, бұл ретте ол атқармауға қатысты ниет белгілерін танытпайды*.
ҚР ҚК 452 бабында төрт бөлім қарастырылған. Жазаның негізгі түрлері ретінде мыналар:
- бірінші бөлім бойынша – үш мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не болмаса үш жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- екінші бөлім бойынша (егер әрекет ауыр салдарға әкеліп соқтырса) - төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
- үшінші бөлім бойынша (әрекет әскери жағдай уақытында жасалды) - бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;
_____________
* Қараңыз: Курманов К.Ш. Аталған шыарма. – 573 б. - төртінші бөлім бойынша (әрекет соғыс кезінде жасалды) - он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚЕ 452 бабының барлық төрт бөлімі бойынша жазаның қосымша түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет