Стратегияның міндеттері:
1)мемлекеттік қызмет саласында жемқорлыққа қарсы әрекет ету;
2) қоғамдық бақылау институтын ендіру;
3)мемлекеттік сыңайлы және жеке сектордағы жемқорлыққа қарсы әрекет ету;
4) соттар мен құқық қорғау органдарында жемқорлықтың алдын алу;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
6)жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шаралары
Стратегия ережелеріне сәйкес жемқорлыққа қарсы әрекет ету шаралары немесе 4 бөлімде қам-тып көрсетілген басты бағыттар мен негізгі тәсіл-демелерді Стратегия міндеттерінің толық түсін-дірмесі деуге болады. Міндеттер қанша болса, бас-ты бағыттар да сонша. Міндеттер мен бағыттар-дың құрылымы мәтін негізінде бір-біріне сәйкес келеді. Бұл міндеттерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын түсіндіруді айтарлықтай жеңілдетеді.
Бірінші міндет: мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету.
Бұл жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларының бірінші басты бағыты.
Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің табыстарымен қатар шығындарын мағлұмдауы;
2) шенеуніктердің еңбекақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін кезең-кезеңмен арттыру;
3) бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға – өзін-өзі реттейтін ұйымдарға табыстау;
4) халыққа электронды форматта көрсетілетін қызметтер көлемін арттыру;
5) мемлекеттік сатып алулар жүйесін модернизациялау;
6) халыққа «бір терезе» принципі бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту (ХҚКО-лар арқылы).
Екінші міндет: қоғамдық бақылау инс-титутын ендіру. Бұл жемқорлыққа қарсы әрекет ету шараларының екінші басты бағыты.
Бұл міндетті шешуге бағытталған шаралар:
1) ҚР-ның «Қоғамдық бақылау туралы» Заңын әзірлеу және қабылдау;
2) ҚР-ның «Жария ақпаратқа қол жетімділік туралы» Заңын әзірлеу және қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |