1-тақырып. Жалпы ережелер


Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық қызметі



бет21/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

3. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық қызметі
ҚР 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясында (ҚР Президентінің 2014 ж. 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген) «Сы-байлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамы-ту» атты 4.6 бөлімі қарастырылған. Бөлімде сыбай-лас жемқорлықпен бірлесіп күресу процесінде қол жеткізілетін және шешілетін мақсаттар мен мін-деттер Қазақстанның басқа елдермен ынтымақ-тастығының ең маңызды аспектілері көрсетілген.
Стратегияның осы бөлімінің ережелеріне сәйкес халықаралық ынтымақтастықтың басым міндеттеріне мыналар жатқызылған:
1) осындай ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және тереңдету;
2) Еуропа Одағымен өзара әрекеттесу, шетелдік тәжірибені пайдалану, бірақ біздің ерекшеліктер мен ұлттық заңнаманы ескеру негізінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіру;
3) ҚР офшор компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті халықаралық келісімдер мен шарттарға қол қоюы, мұндай офшор компаниялары арқылы капитал, оның ішінде күмәнді жолмен пайда болған капитал шетелге шығарылып, заңдастырылады;
4)сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық-аралық іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу тәжірибесін жалғастыру;
5) Қазақстан Республикасының трансұлттық жемқорлықпен күресу мәселелерін талқылауға арналған беделді диалог алаңы ретіндегі репутациясын сақтап қалу.
Ескеретін жайт, жоғарыда аталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қабылдануына дейін Қазақстан Республикасы халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елеулі тәжірибесіне әлдеқашан ие еді.
Қазақстан Республикасы қатынасқан халықаралық сипаттағы актілерге мыналарды жатқызуға болады:
- ҚР «2003 ж. 31 қазанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын бекіту туралы» 2008 ж. 4 мамырдағы Заңы;
- ТМД-ға қатысушы елдер аумағында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің болуы және өзара әрекеттесу тәртібі туралы шарт – Қазақстан Республикасы 1999 жылдың маусымында қол қойып, бекіткен;
- «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңы.
Қазақстан Республикасы мен Моңғолия, Үндістан, Пәкістан Ислам Республикасы, Қытай Халық Демократиялық Республикасы, Түрік Республикасы және т.б. секілді елдер арасында құқықтық көмек көрсету және азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық қатынастар туралы тиісті шарттарға қол қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет