Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Аубакирова Ботагөз Карабаевна Касенова Бахыт Рахимбаевна
Кәсіби қазақ тілі
(Информатика мамандығына арналған ОӘК)
Көкшетау-2015
ОӘЖ.800.1:943
ББК 42(5к)
А 16
Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінде талқыланып, пайдалануға ұсынылған (2015 жылғы 22 қазан №1 хаттама)
Оқу-әдістемелік кешен ҚР БжҒМ бекіткен типтік бағдарлама (15.05.2012 №18 бұйрығы бойынша) негізінде жасалды
Оқу-әдістемелік кешен жаратылыстану факультетінің 5В011100 - Информатика мамандықтары студенттеріне арналған.
Пікір жазғандар:
Абильмаженова Б.Ж. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты
Ильяшева Гулжамал Ирановна. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің Информатика және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Аубакирова Б.К., Касенова Б.Р.
А 16 Информатика мамандықтарына арналған кәсіби қазақ тілі ( ОӘК)–Көкшетау,2015.–156 бет
Кәсіби қазақ тілінің оқу-әдістемелік құралы информатика мамандығының студенттеріне арналған.Қазақ тілі арқылы мамандыққа бейімдеу , информатика мамандарының кәсіби тілін қалыптастыру мақсаты көзделді.Оқу-әдістемелік кешенде жүйеленген материалдар аталған сала бойынша ортақ мәселені арқау еткен. Осы мамандықтарға ортақ лексикалық бірлік , кәсіби сөздер, терминдер мен сөйлем құрылымдарын нысанаға алған ОӘК міндеті –қазақша ой түюге бағыттау.ОӘК белгілі бір дәрежеде мамандыққа сәйкес кәсіби лексиканы игеріп, қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде меңгеруге , ауызша, жазбаша әдет-дағдыларын қалыптастыруға арналады.
ОӘЖ.800.1:943
ББК 42(5к)
©Аубакирова Б.К., Касенова Б.Р.,2015.
©Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК
1 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы ДАЙЫНДАҒАН және ¥СЫНҒАН.
2 Типтік оқу бағдарламасы 5В011100-Информатика мамандығы бойьшша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалған
3 Републикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН Хаттама №18, 15.05.2012 ж.
4 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен КЕЛІСІЛГЕН және ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
Алғы сөз
Оқу-әдістемелік кешен орыс тілді аудиториясының информатика мамандығына арналған. Студенттерге арналған пәннің (силлабус) Типтік оқу бағдарламасы 5В011100-Информатика мамандығы бойьшша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жасалған.
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен (2 кредит) 90 сағат көлеміндегі оқу материалын қамтиды, оның ішінде аудиториялық, ОБСӨЖ,СӨЖ сабақтарына арналып, студенттердің мамандық тілінде сөйлеуге қажеттілік орта жасайтын тақырыптарға сай құрастырылған.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің негізгі мақсаты – коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті, әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі.
Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беретін пәндердің бірі болып саналатын кәсіби тіл суденттердің біліктілік және коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатта жазылған
оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты–мамандық тілінде сөйлеу дағдысы төмен деңгейдегі студенттердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын жетілдіру, лексикасын байыту.Оқу-әдістемелік кешенде әр тақырыпты бекіту мақсатында әртүрлі деңгейдегі бақылау тапсырмалары ( мазмұндама, жағдаят, эссе, жатжазу т.б.) берілген.Тақырып бойынша меңгерілетін сөздердің глосарийі бар. Мамандық тілін үйренушіге тілдік білім коммуникативті-функционалдық принцип негізінде құрылған, сондықтан кешенде тілдің құрылымы бойынша берілетін материалдарда құрылымдық–жүйелік байланыс сақталған, мәтіндер, сұхбаттар, сұрақтар коммуникативті бағдарлап оқыту әдісіне негізделіп құрылған. Берілген тақырыптар: оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым сияқты тілдік қатынастарға сай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар бірін-бірі толықтырып отырады. Оқу-әдістемелік кешенде студенттің өз ой–пікірін белгілі бір тақырып бойынша жүйелі түрде дәлелдеуге, көзқарасын танытуға бағыттау мақсатында сұхбаттық жұмыстар, жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас тақырыптары да ұсынылады.
Мұнымен қоса, осы оқу-әдістемелік кешенде суретпен жұмыс істеуге мүмкіндік берілген, бұл жұмыс түрі өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады. Мамандық тілін оқыту жағдайына қарай, оқытушының шеберлігі мен әдіс-тәсілдеріне орай әр сабақ шығармашылыққа құрылған. Аталған оқу-әдістемелік кешен мамандық тілінде сөйлеу дағдыларынқалыптастыруда оқытушыларға үлкен септігін тигізеді.
|