1-тақырып. Жалпы ережелер


-тақырып. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы



бет23/224
Дата15.12.2023
өлшемі2,07 Mb.
#197151
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

4-тақырып.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы


1. Стратегияның жалпы ережелері
2. Стратегияның мақсаты мен міндеттері
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету шаралары

  1. Стратегияның жалпы ережелері

Баршаға мәлім, саяси стратегия – бұл ұзақ мерзімді, перспективаға есептелген саясаттың, саяси іс-қимылдардың, акциялардың негізі. Стратегия саясатқа әлеуметтік бағыттылықты, тұрақтылықты табыстайды, оның тиімділігін арттырады. Саясатта стратегия қоғамдық өмірдің перспективалы міндеттерін шешу үшін әзірленеді, дамудың қажетті, терең тенденцияларын айқындайды, кеңістікті ашып, іргелі әлеуметтік мақсаттарды қалыптастырады*.
Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы – бұл ең маңызды проблемаларды, оларды шешу жолдарын, мақсат пен міндеттерді, күтіліп отырған нәтижелерді анықтайтын ұзақ мерзімді әрекет актісі.
2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген**.
Құрылымдық тұрғыда бес бөлімнен тұрады: 1. Кіріспе; 2. Ағымдағы жағдайларды талдау; 3. Мақсат пен міндеттер; 4. Басты бағыттар, негізгі
__________________
* Қараңыз: Қазақстанның саясаттану энциклопедиясы. – Алматы, 1998. – 346 б.
** Казахстанская правда, 2014ж., 30 желтоқсан.
тәсілдемелер және басым шаралар; 5. Мониторинг және Стратегияның іске асырылуын бағалау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның алдында ауқымдырақ құжат қабылданды: «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»*, 2012 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған.
Бұл құжатта өте маңызды ереже бар: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек».

Осы ережені одан әрі дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында «Өте маңызды міндет – жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыруда және іске асыруды жалғастыру» керектігін атап өтті**. Осы міндетті шешу үшін Мемлекет басшысы Үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша ұсыныстар кешенін әзірлеуді тапсырды.


Жоғарыда аталған құжаттарды орындау үшін 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Рес-публикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әзірленіп, бекітілді.
«Ағымдағы жағдайды талдау» 2 бөлімде жем-
____________________
* Казахстанская правда, 2012ж., 15 желтоқсан.
** Казахстанская правда, 2014ж., 18 қаңтар.
қорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы оң тенденциялар; шешімін таппай жатқан проблемалар; сыбайлас жемқорлықтың болуына себептесетін негізгі факторлар баяндалады.
Қарастырылған Стратегия мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы оң тенденциялар ретінде мыналар аталады:
- ҚР ТМД-да алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңды қабылдауы (1998ж.);
- ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды қабылдауы (1999ж.);
- 2001 ж. бастап жемқорлықпен күресуге бай-ланысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануы және іске асырылуы;
- 2010-2020 жж. аралығындағы ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасында лауазымды тұлға-лардың жемқорлыққа қатысты құқық бұзушы-лықтарын жасағандары үшін заң алдында жауап-кершілікті қатаң ету жөніндегі шаралардың іске асырылуының қарастырылуы;
- мемлекеттік қызметтердің тиімділігін баға-лау және олардың көрсетілу сапасын сырттай ба-қылау жүйесінің жасалуы;
- кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағымды жағдайлардың жасалуы;
-мемлекеттік сатып алулардың автомат-тандырылу деңгейінің жоғарылауы.
Стратегияда көрсетілгендей, жалпы алғанда осы оң тенденциялар Қазақстанға жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орта Азия аймағында да, ТМД елдерінің арасында да көшбасшы позициялардың біріне орнығуына мүмкіндік берді.
Стратегияда шешімі табылмай жатқан мәселелер қамтып көрсетілген.
Мәселелерге мыналар жатқызылған:
- мемлекеттік-құқықтық реттеу тетігіндегі жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді анықтау және оларды барынша азайту тиімділігінің жеткіліксіздігі;
- қоғамдық өмірдің ең маңызды мәселелерін қамтитын шешімдерді қабылдау кезіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі;
- мемлекеттік аппараттың қызметінде қоғамдық пікірдің ескерілмеуі және тиісті заматтық бақылаудың болмауы;
- ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы әлеуетінің жеткілікті дәрежеде пайдаланылмауы;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу кезінде жүйеліліктің жеткіліксіздігі;
- азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығының деңгейін жоғарылату жөніндегі жұмыстардың жеткіліксіздігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет