1-тақырып. Жобаларды басқаруға кіріспе


Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымы



бет2/3
Дата28.02.2020
өлшемі65,44 Kb.
#59264
1   2   3
Байланысты:
Жобаларды-басқаруға-кіріспе-174570


11.Мақсат ағашы, жұмыстардың иерархиялық құрылымы. Жауапкершілік матрицасын құру мысалы.

Жобаны құрылымдау үшін арнайы модельдерді қолданады:

– мақсат ағашын;

– шешімдер ағашын;

– жұмыстар ағашын;

– орындаушылардың ұйымдастырушылық құрылымын;

– жауапкершілік матицасын;

– желілік модельді;

– пайдаланылған ресурстар құрылымын;

– шығындар құрылымын.

Мақсат ағашы – бұл жобаның бас мақсатының келесі деңгейдің ішкі мақсаттарына бөлінетіндігін көрсететін графтар, сұлбалар. Ағаш – бұл элементтердің өзара байланысын және бағыныштылығын көрсететін байланысқан граф. WBS басқарудың жоғарғы деңгейіндегі құрылатын объектінің құрылымын бейнелейді және төменгі деңгейдегі жеке, арнайы жұмыстарды сипаттайтын құрылымға көшуге мүмкіндік береді. Жобаның мақсат ағашы Жауапкершілікті бөлу матрицасы (ResponsibilityAssignmentMatrix) – жобаның ұйымдастырушылық құрылымына сәйкес әр жұмысқа жауапты тұлғаларды тағайындау үшін жұмыстардың декомпозиция құрылымын (WBS) қоя алатын құрылым. Жауапкершілік матрицасы (ResponsibilityMatrix) WBS және OBS негізінде жұмыстар пакетін орындаушы ұйыммен байланыстырады. Желілік модельдер (Project Network Diagram). Желілік графиктер жұмыс кестесіне жобаның жұмыс істеу жоспарын енгізуді қамтамасыз етеді. Олар жоба жұмысының мониторингісі мен бақылаудың негізі бола алады. Жоспар мен бюджетпен бірге олар жобаны басқарудың бас құралы болып табылады.
12. Жұмыстардың декомпозициялық құрылымы. Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы.

Жобаның мазмұнын нақтылау кезінде жұмыстың иерархиялық құрылымын (WBS) құру жобаның жоспарлануы мен орындалуының негізі болып табылады. WBS – бұл жобаның іске асуы үшін орындалуы тиіс жұмыстардың байланысқан пакеттері мен нәтижелерінде жобаны декомпозициялау жолымен жобаның мақсаты мен қарастыратын мәселесін сипаттау тәсілдері. WBS:

– нәтижелердің иерархиясын анықтайды;

– соңғы мақсатқа және жоба нәтижелеріне жету үшін қажетті жұмыс көлемін сипаттайды;

– есепке алуға бола алатындай нәтижелерді және өлшенетін элементтерді бөлу жолымен құрылады;

– орындалу, жұмыс көлемі мен құны бойынша жобаның орындалуын біріктіру және бағалауға арналған механизм болып табылады.

WBS құру мақсаты:

– жобаның барлық жұмыстарын жоспарлауды қамт-сыз ету;

– қажет емес жұмыстарды, жобаны іске асыруға қатыссыз жұмыстардың болмауын қамтамасыз ету. Жоба тәуекелдігі мен WBS арасындағы байланыс. Тәуекелдігі жоғары жобалар үшін WBS құрылымын неғұрлым бөлшектеп құру, тәуекелдік жағдайларды бөліп көрсетуге болатын деңгейге дейін жұмыстар пакетінің әрқайсысын талдау ұсынылады. WBS декомпозициясына келтіру тәуекелдікті анықтау мен азайтуға мүмкіндік береді. Ресурстарды жоспарлау, бақылау және WBS байланысы: WBS жоспарлау мен бақылау үшін қажетті деңгейге дейін декомпозицияланады.

Жобаның ұйымдастырушылық құрылымы – жобаға сәйкес келетін уақытша ұйымдастырушылық құрылымы, ол жоба мақсатына жетістікпен жету үшін барлық қатысушыларды құрамына алады. Үш термин қолданылады:

– функциясы; Функция – бұл жоба кезінде орындалатын қызмет түрі. Функцияларға мысал келтірейік:

– Басқару. Келісім-шарттарды жүргізу; тапсырыс берушімен сөйлесу; сыртқы шынайы емес құжаттарды, басшылардың баяндамасын жазу.

– Жобалау. Қағаз және электронды түрдегі негіздемелерді, модельдерді, арнайы тапсырмаларды, жоспарларды құру.

– Кодтау. Программалау тілінде кодтың қолмен атқарылатын және жартылай автоматты генерациясы. Кодтың автономды ретке келтірілуі. Интерфейстік элементтердің суретін салу және сынақтан өткізу.

– Сынақтан өткізу. Қосымшаны есеп шығару үшін емес, оны жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру мақсатында қолдану.

– Сүйемелдеу. Жаңа өнімді шығару, қолданушыларды оқып үйрету, тәжірибелік іске асыру кезінде құрастырылған немесе орнатылған программалық жабдықтауды басқару.

– рөлі; Рөл – нақты жоба көлемінде қызметкерге қандай да бір функцияларды орындау үшін уақытша сол жұмысқа тағайындау. Рөлдің мысалдары:

– Талдаушы.

– Әкім.

– Программист.

– Сынаушы.

– Жүзеге асырушы.

– лауазымы. Лауазым – бұл нақты рөлдерді ойнайтын және нақты функцияларды орындайтын сертификатталған қабілеті.
13.Жобаның күнтізбелік жоспары. Желілік жобалар және жобадағы бір есепті желілік жобалау.

Жоба мерзімін басқару – жобаның әр есебі үшін уақыт шекарасын анықтау немесе басқаша айтқанда, күнтізбелік жоспарды оңтайландыру және бір қалыпқа келтіру. Күнтізбелік жоспар – бұл басталу және аяқталу күні көрсетілген жобаның барлық жұмыстарының тізімі.

Күнтізбелік жоспарды құру қадамдары:

– алдымен жоба жұмыстарын декомпозициялау құрылымы (WBS, Work Breakdown Structure) қалыптастырылады, яғни жобаны этаптар мен есептердің иерархиялық ағашы түрінде беру;

– содан кейін құрастырушылар командасының мүмкіндіктерін ескере отырып, жобаның әр есебі үшін орындалу мерзімі қойылады. Жұмыстарды декомпозициялау құрылымы (WBS, Work Breakdown Structure) – бұл күнтізбелік жоспар бойынша және шығындарды бақылау бойынша есеп берулердегі есептерді ұйымдастыруда қолданылатын иерархиялық құрылым. Фаза (фаза, phase) – бұл байланысқан есептер тобы, олардың аяқталуы жобаның маңызды бөлігінің орындалуын білдіреді. Есеп (жұмыс, task) – басы және соңы бар жұмыстар. Жоба жоспары есептерден тұрады.

Күнтізбелік жоспарды құру:

– MS Project программасында есептер тізімін және жұмыстарды декомпозициялау құрылымын құру:

– есептердің орындалу ұзақтығын және еңбек шығынын бағалау;

– есептерді орындауда жұмсалатын уақытты анықтау үшін еңбек шығындылық немесе ұзақтық мәні енгізіледі. Байланыстыру (Linking) – жобадағы есептер арасындағы тәуелділікті орнату. Қолданушы есептерді байланыстыру үшін олардың басталу және аяқталу күндері арасындағы байланысты анықтайды. Алдыңғы есеп (Predecessor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталуы немесе аяқталуы тиіс есеп. Кейінгі есеп (Successor) – басқа есептің басталуы немесе аяқталуына дейін басталмайтын немесе аяқталмайтын есеп. Есептер арасындағы байланыстар типтері:

– АБ (аяқталуы-басталуы),

– ББ (басталуы-басталуы),

– АА (аяқталуы-аяқталуы),

– БА (басталуы-аяқталуы).

Гантт диаграммасы күнтізбелік жоспарды көрсету болып табылады. Henry Laurence Gantt (1861-1919) – американдық инженер, ғылыми ұйымның теоретигі. Ленталық диаграммаларды ойлап тапты, бұл диаграммалар кейіннен әйгілі болды. Веха (Milestone) – жобадағы маңызды оқиғаны көрсететін тірек нүктесі және жобаның орындалу барысын бақылау үшін қолданылады.

Желілік жобалар. Жоспар желілік график түрінде бейнеленеді. Желілік график екі ерекшеленген төбесі бар бағытталған граф түрінде беріледі. Граф төбелері жоспар пункттеріне сәйкес оқиға, ал қабырғалары – жұмыс болып табылады. Сонымен, желілік диаграмма (желі, желі графы, PERT, Program Evaluation and Review Technique диаграммасы) – жоба жұмыстарының және олардың байланыстарының графиктік бейнеленуі.

Желілік жоспарлау әдістері – жоба ұзақтығын минимумға дейін қысқарту мақсатында қолданылатын әдістер. Олар сыни жолдар әдісіне (СЖӘ) және бағалау мен жоспарларды қайта қарау PERT (Program Evaluation and Review Technique) әдісіне негізделеді. Алғашқы әдіс 1956 жылы «Дюпон» фирмасының зауыттарын модернизациялау бойынша жұмыстар кешенінің жоспар-графигін құру үшін жасалған. Сонымен, сыни жол (Critical path) – күнтізбелік жоспарға сай мерзімде жобаны аяқтау үшін орындалатын жоспарланған есептер жиынтығы.


14. Жоба ресурстары анықтамасы. Ресурстарды бөлу түсінігі.

Жобаны жүзеге асыру үшін мына ресурстар қажет:

– орындаушылар,

– жобада қолданылатын жабдықтар және

– материалдар.

Жобалау кезінде ресурстарды тағайындау. Тағайындалған ресурстар бойынша әрбір тапсырманың орындалуы анықталады. Мысалы, ресурстар туралы ақпарат және тапсырмаларға ресурстардың тағайындалуы MS Project бойынша көрсетілген.

Ресурстарды жүктеу. Ресурстар ешқашан шектеусіз болмайды. Тапсырмаларға ресурстар тағайындау кезінде қолда бар қаражаттармен есептеу керек.

Ресурстарды бөлу мыналардан тұрады:

– еңбек шығыны, жұмыстың көлемі және ұзақтылығы;

– ресурстарды жүктеуді түзету сәйкесінше тапсырманы ұзартуға арналған барлық ресурстарды жүктеу және де әрбір тапсырма канша уақытқа ұзарғандығын есептейді.

Ресурстық гистограмма – бұл гистограмма, әртүрлі түрдегі ресурстың кез келген мерзіміндегі жобаның қажеттілігін айқындайды. Ресурстарды автоматты түзету мүмкіндіктерін ақпараттық технология ауқымындағы жобаларға пайдаланбағаны жөн.

Ресурстық күнтүзбелік жобалау – бұл шектеулі қолда бар ресурстармен жұмыстың басталу мерзімін жобалау. Күнтүзбелік жобаның іске асырылуын ресурстық жобалау функцияларын салыстыруын және жобадағы ресурстардың қажеттіліктерін анықтайды. Жұмыстың сыни емес күндерін ең кеш басталатын мерзімге жылжыту, егер ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етсе, онда ресурстық профиль түрін өзгертуге болады. Жобаның ресурстық талдау нәтижесінде алынған ақпарат менеджерлердің көзқарасын және жұмыс барысында команда мүшелерінің назарын аударуға көмектеседі, мұндағы ресурстың басқару тиімділігі табысты факторы болып табылады.


15. Басқару құны анықтамасы. Өмірлік айналым кезеңіндегі басқару құнының құрылымы.

Құнды басқару үш бөліктен тұрады:

– жобаның құнын бағалау;

– жобаны қаржыландыру;

– құнды бақылау. Жобаның құнын басқару өмірлік айналымның барлық кезеңіндерінде жүзеге асады. Жобаның құнын өмірлік айналымының фазалары бойынша бөлу бірқалыпты емес. Құнның негізгі бөлігі жобаны жүзеге асыру фазасында қалыптасады, бірақ жобаның құн көрсеткішін анықтаудағы негізгі шешім жобаның инвестициялық фазаның алдында қабылданады.

Жоба бюджеті – бұл жобаның орындалу кезеңіндегі сметалық құн. Бюджет мына түрде болады:

– шығынның күнтізбелік жоспар – графигі;

– шығынды бөлу матрицасы;

– шығынның бағандық диаграммасы;

– кумулятивтік шығынның бағаналық диаграммасы;

– уақыт бойынша бөлінген кумулятивті шығынның сызықтық диаграммалары;

– шығын құрылымының шеңберлік диаграммасы.

Жоба құнын жоспарлау. Бұл жоспар жобаның орындалу барысына арналған орнатылған қаражаттарды пайдалану үшін керек. Негізгі кезеңдер:

– жобаның сәтті аяқталу үшін керекті ресурстың қажеттіліктерін анықтау;

– еңбек шығыны және ресурстар құнын бағалау.

Жоба қаражатын өңдеу. Бұл өңдеу мерзімдік кезеңдерге байланысты жобаның орындалу мерзіміне сай болжанған шығындарды бөлуді қарастырады. Ресурс қажеттіліктерін анықтау – жоба құнын басқару ресурстар шығынын бағалаумен байланысты. Жобаның жұмыстарының орындалуының кестелік және күнтізбелік жоспары құрылғаннан кейін, ресурстардың қажеттіліктері туралы график құруға болады. Құнды жоспарлау үшін есепті қою қалай болуы керек? Бізге барлық түрдегі ресурстардың көлемді және мерзімдік сипаттамалары оның құнын анықтау үшін қажет. Яғни, қанша уақыт керек, ресурстардың көлемі қанша деген сауалдарға жауап беру керек. Жобаның құнын бағалау алдыңғы фазаларда анықталған ресурстарға шығындар сметасын нақтылаудан және анықтаудан тұрады. Бағалау әдістері:

– Эксперттік бағалау;

– Параметрлік бағалау;

– Төменнен жоғарыға қарай бағалау.

Бірінші кезекте жұмыстың орындалуына қолда бар қаражаттар мен олардың орындалу барысындағы қалай түсетіні анықталады. Жобаның қаржысын өңдеуді қажет етеді. Жоба қаражаты – бұл мерзімдік кезең бойынша жобаның құны. Егер біздің жұмыстың орындалуындағы сметалық құны болса, күнтізбелік графигі бар, онда қаржыны өңдеу айлар бойынша жұмыс тізімін құру, құны көрсетілген кварталдық және әрбір мерзімге арналған жанама шығындар. Жоба қаражатын өңдеуден кейін жобаның жанама жоспарына кірісуге болады – бұл бірлік, тізбектелген және келісілген құжат, жобаны басқарудағы барлық функция жоспарларының нәтижесі қосылады. Құнды бақылау дегеніміз:

– құн мониторингі

– құнның негізгі жоспарынан ауытқуды анықтау

– негізгі құн жоспарына өзгертулер енгізу

– өзгертулер жайлы жоба қатысушыларына хабарлау

– жоба бюджетінен ауытқымау
16. Жоба сапасын басқару және ақпараттық жүйелердің сапасын қамтамасыз ету шаралары.

Сапа – бұл нақты қойылған функционалдық талаптар және олардың сипаттамаларына, өңдеуді бiрмәндi құжаттайтын стандарттарға, сонымен бiрге құрылған жабдықтарда жобаланатын қосымша сипаттамаларға сәйкестiк. Жобадағы сапаны басқару (ProjectQuelityManagement) – жобаларды басқару бөлімі, оған талаптарды қанағаттандыратын жоба кепілдігін қамтамасыз етуші қажетті есептер және процедуралар кіреді. Сапаны басқару құрамына:

– сапаны жоспарлау,

– сапаны қамтамасыз ету,

– сапаны бақылау кіреді.

Жобадағы сапамен басқару кезеңдерін:

– сапамен басқарудың тұжырымдасы және инициализациясы;

– сапаны жоспарлау;

– сапаны бақылауды ұйымдастыру және іске асыру;

– күйдi талдау және сапаны қамтамасыз ету анықтайды.

Сапаны жоспарлау – сапаға қойылатын талаптар және бұл талаптардың орындалуы бойынша әрекеттердің анықталуы. Сондықтан сапаны қамтамасыз ету жоспарының құрамына:

– ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспарлары;

– бақылау және сынау шараларын өткiзу рәсімінің сипаттамасы;

– ақпараттық жүйенің өмірлік айналымы үлгiсімен сәйкес барлық жұмыстарға арналған тексерiлетiн көрсеткiштердiң тiзiмi кіреді.

Сапаны бақылау – жоба бойынша қызметтiң нақты нәтижелерiн зерттеп отыру, стандарттарға және талаптарға сәйкестiктi анықтау. Қойылған рәсімі, ережелер, регламенттер және тағы басқалар қолдануға бақылау. Мұның барлығы арнайы,кең қолданылатын құралдармен әдiстерi – бақылау карталары, тексеру, диаграмма және тағы басқаларды қолданумен iске асады.

Жобадағы сапаны жоспарлаудың әдiстері және құралдары:

– табыс/шығынды талдау. Нәтижелердiң сапасы кез-келген жоба жетiстiгін қамтамасыз етедi. Дегенмен, сапаны жоспарлағанда жобада табыстар және шығындар арасындағы ымыраластықтықты сақтау керек, сапаны қамтамасыз ететін альтернативаның пайда шығыстан асады деген аксиоманы сақтауда тапсырыс берушiні қанағаттандыратын түрін таңдау керек.

– салыстырмалы талдау. Сапаны жоспарлаудың рәсімін жақсарту үшiн бұрын iстелiнген жобалар тәжiрибесін жоспарлаудың нәтижелерiн нақты орындалған жобалардың деректері мен салыстыра отырып есепке алу керек. Мұндай талдау бақылаудың нүктесiн дұрыс анықтап және қолданылатын рәсіміды жетiлдiруге көмектеседi. Сапаның қамтамасыз етілуі – жобаның iске асырылуы жүрiсiнiң жүйелi тексерілуi, жоспарлы тексерулер, шолулар және тағы басқалар өткiзу. Ақпараттық жүйе жобасының сапасын басқарумен ұйымдастыру ортақ басқарудың барлық функцияларын қосады – мақсаттар, өкiлеттiктерді анықтау, жауапкершiлiктi үлестiру, бұдан басқа сапаны жоспарлау және сапаны қамтамасыз етудi бақылаудан да.

Жобадағы сапаны басқаруды аяқтау:

– жоба нәтижелерінің сапасын қорытынды бағалау;

– аяқтауды қабылдау шешімі;

– сапа бойынша ескертулер мен талап-тілектер тізімі;

– даулы мәселелер мен шиеленістерді шешу;

– құжаттар мен архивті дайындау;

– сапаны басқару бойынша сабақ алу және

– алынған тәжірибеге талдау жасау процедураларынан тұрады


17.Тәуекелдік ұғымы және оның түрлері. Тәуекелдікті басқару және оның талдауы.

Тәуекелдік – жобаның шығысына кері әсер ететін, мүмкін болатын сипаттағы теріс оқиға. Жобаның тәуекелдігі (Р) – жобаның сәтті аяқталуына қауіп төндіретін, күтпеген оқиға. Р жобаға көрсетуі мүмкін оқиға мен әсерді біріктіреді. Р – жобаны өңдеу уақыты мен оның бағасын өзгерту қаупі. Р-ның табиғаты жоба мен оның орындалу ерекшеліктеріне негізделген «сыртқы» және «ішкі» факторлардан туындаған белгісіздікпен байланысты. Тәуекелдікті талдау керек, оны басқару керек, кері жағдайда жобаның уақытында іске аспауы немесе қаржы көлемі немесе функционалды талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Тәуекелдікті басқару – негативті тәуекелдік оқиғаларын азайтатын және позитивті оқиғалардың болуын көбейтетін бастамалармен, шешім қабылдау және тәуекелдікті талдаумен байланысты жүйелік үдерістер.

Тәуекелдікті басқару және талдау түрлері:

– Р-ның идентификациясы,

– Р-ны анықтау және жобалау,

– Р-ның сандық бағасы,

– Р-ны басқару және оның мониторингісі. 3 пункт жобаға байланысты Р-ны анықтайды;

– оны ↓-у жолын таңдау немесе оған әсер етуді болдырмау.

Тәуекелдікті идентификациялау. Тәуекелдікті топтау және оның шекарасын анықтағанан кейін, жобаның нақты тәуекелдіктерін идентификациялау үдерісі басталады. Құрушыға анық барлық тәуекелдікті анықтау қажет. Қадамдар:

– Р-ның түрін анықтау үшін анкета-сауалнамалар жасау;

– Жинақталған ақпаратты талдау – Р-ның әлдеқайда қауіпті факторларын, сонымен қатар бірнеше тәуекелдіктің пайда болуы мүмкін аймақтар мен жағдайларды анықтау.

Сұрақтар әр Р-ға өзіне сәйкес бағалар шкаласымен қауіптілік дәрежесін анықтайтын бірнеше Р-дан тұруы мүмкін. Әр Р-ға құрушы ↓-у дәрежесінің бірнеше нұсқасын қарастырады. Тәуекелдікті анықтау және алдын ала жобалау.Тәуекелдік Р пайда болғанда оқиғаның болу ықтималдығы мен жобаның бағасының өзгеруін ескере отырып, жоғалту функциясымен сандық байланыста болуы мүмкін. Ықтималдық жалпы жобада немесе оның этаптарында анықталуы мүмкін. Тәуекелдікті алдын ала жобалау – әр тәуекелдікті орындалу ықтималдығы мен оның аяқталу нәтижесі тұрғысынан бағалау. Жобаның жоспарын құрушы эксперттік баға нәтижесінде 4 келесі түрді анықтайды:

– Тәуекелдіктің ықтималдығын анықтайтын шкаланы анықтайды;

– Нәтижелерін анықтайды;

– Тәуекелдіктің өнімге және жобаға әсерін анықтайды;

– Тәуекелдікті жобалаудағы жалпы дәлдікті анықтайды;

– Тәуекелдіктің ықтималдық бағасының шкаласы сандық, сапалық, бульдік түрде анықталуы мүмкін.

Тәуекелдіктің сандық бағасы – жалпы жобаның және жеке тәуекелдіктердің сандық кезеңі. Бұл кезеңге

– Ri (тәуекелдік),

– Li (тәуекелдік ықтималдығы),

– Xi (әсері) формасындағы үштік анықталуы керек.

Басқарылатын тәуекелдікке жоба үшін анықталу қажет деңгейлер бар:

– Жобаның құны;

– Жұмыс істеу графигі;

– Жобаның сипаттамасы;

– Шектік деңгей бар.

Р-ны басқару және оның мониторингі. Жинақталған мәліметтердің негізінде тәуекелдікді басқару тізбектілігі құрастырылады. Кадрлардың ағымдылығы жобалық тәуекелдіктің байыпты факторы ретінде қарастырылады. Алдыңғы жобаның анализі негізінде тәуекелдікдің орта ықтималдығы жайлы, оның құрастырудың дәрежесін және бағасын арттыру, мерзімін ұлғайту жайлы сандық мәлімет жинақталған.
18.Сапаны сандық бағалауы. Парето диаграммасы және диаграммадағы сандық көрсеткіштері формуласы.

Бұл өте күрделi қызметтер. Программалық өнiмнiң сапасын бағалау үшiн әдiстемелiк тұжырымдамалар жасалған. Негiзiнде, бұл тұжырымдамалар стандарттарда бар. Олар жеке аспектілерге қатысты, жеке алғанда программалық жоба құрылымының сапасының индексін анықтауға арналған стандарт бар. Программалық кешеннің архитектурасы қарастырылады. Сапа индекстерін есептеу үшін бағаланады:

– модулдардың жалпы саны;

– кіріс деректерінің көзінен тәуелді модульдер саны;

– басқа модульдер үшiн деректерді туындататын модульдер саны;

– объектілер және олардың атрибуттарын қоса алғанда деректер қорындағы элементтер санын бағалау;

– базадағы жазбалардың әр түрлі типтерін бағалау. Осындай сандық сипаттамалар коэффициенттің қосынды шамасын есептеуге арналған бірегей кешенге біріктіріледі, бұрынғы жобалардың ұқсас индекстерімен сәйкестендіріледі. Мұндай бағалау бұрынғы жобалармен салыстырғанда, программалық өнімнің сапасының қаншалықты көтерілгенін анықтауға мүмкіндік береді. Сапаны қамтамасыз етудің статистикалық тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдама ақпараттық жүйелер үшін программалық өнімді құрған кезде сапа деңгейін бағалаудың сандық көрсеткіштерін қалыптастыруға бағытталған төмендегі қадамдарды қолдануды болжайды:

– тапсырыс берушінің программалық жабдықтарын құру кезінде пайда болған ақауларды табу бойынша барлық деректерді жинау және жүйелендіру;

– әр ақау талданады, ол ақаудың себебін анықтау;

– Парето қағидасы қолданылады. Ақаулардың негізігі үлесіне тиесілі осы себептерді түзету, дұрыстау.

Парето диаграммасы. Жобаны басқарудағы Парето диаграммасы сияқты берілуі мүмкін, ол бірнеше факторлардан тәуелді алынған нәтижелердің сандық сипаттамасын көрсетеді. Гистограмма ең көп шығындарды, ең көп ақауларды көрсетуге мүмкіндік береді. Парето диаграммасы Парето заңымен байланысты, Парето заңы: ауытқулардың көп бөлігі (ақаулар, жоспардан тыс шығындар) себептердің кішігірім санына қатысты себепші болады.
19.Жобадағы коммуникацияларды басқару.

Жобадағы коммуникацияларды басқару (ProjectCommunicationsManagement) – жобаны жүзеге асырумен байланысты сенімді ақпаратты жинау мен таратуды ұйымдастыруға арналған есептер мен рәсімдерден тұратын жобаларды басқарудың бір бөлімі. Ол коммуникацияларды жоспарлаудан, ақпаратты таратудан, жобаның орындалуы мен аяқталуы жөніндегі есеп беруден тұрады. Жобадағы коммуникацияларды басқару дәл уақтысында және дұрыс ақпаратты құру мен оларды дұрыс жинақтау, бөлу, сақтау, аяқтау үдерістерінен құралған. Жобадағы коммуникацияларды басқару жобаның табыстылығына қажетті ақпарат пен әртүрлі ойлармен алмасуды және жобаға қатысушылар арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Коммуникацияларға талаптар жобаға қатысушылардың ақпараттық қажеттіліктерімен анықталады. Сонымен қатар, жабаның сәтті аяқталуына керекті ақпараттың сандық және сапалық сипаттамасын анықтаған жөн. Қажетті ақпаратты табу үшін олардың мәлімет көздерін идентификациялау тасымалдаудың тәсілдері мен мүмкіндіктері және осы ақпараттың қажеттілігін талдау талап етіледі. Жобадағы коммуникацияларды басқару келесі түрдегі кезеңдерден тұрады:

– жобадағы коммуникацияларды басқарудың концепциясы;

– коммуникацияларды жоспарлау; ақпаратты тарату;

– жобаның орындалу кезіндегі коммуникацияларды талдау;

– жобадағы коммуникацияларды басқаруды аяқтау. Жобадағы коммуникацияларды жоспарлау жобаға қатысушылардың ақпараттық және коммуникациялық қажеттіліктерін анықтаудан тұрады: кімге, қашан және қандай ақпарат керек. Жобаға қатысушылардың қажеттіліктерін анықтау және оларды қанағаттандыру тәсілдері жобаның табыстылығының маңызды факторы болып табылады.

Коммуникацияларды басқару жоспары. Бұл құжат мыналардан құралған:

– таратуға арналған ақпараттан, форматтан, мазмұннан, бөлшектеу деңгейінен;

– ақпаратты алу тәсілдері мен әдістерінен;

– құжаттаманы құру регламентінен;

– техникалық жабдықтаудан;

– жобаның даму барысында коммуникацияларды басқару жоспарының дұрыстылығының және жаңаруының тәсілдерінен;

– жұмыстардың орындалуы жөніндегі есептеу жүйесінен;

– коммуникацияларды басқару жүйесіне өзгерістер енгізу үшін сұраныстарды жіберуден;

– қажетті құжаттарды дайындау үшін міндеттемелерді бөлуден;

– ақпарат алмасу регламентінен.

Жоғарыда айтылғандар жүзеге асуы үшін келесі түрдегі рәсімдер орындалуы керек:

– жобадағы коммуникацияларды басқаруды ұйымдастыру;

– жобаның орындалуының ақпараттық қолдауы;коммуникация жүйесінің функционалдауын бақылау;

– басқару құжаттамасын ендіру;

– коммуникацияларды басқару жөніндегі есептемелерді қалыптастыру.
20. Жобаның орындалуын бақылау. Бақылаудың түрлері.

Жоба менеджері өнім жобасының орындалуын қадағалайды және бақылайды. Жобаны бақылау бірнеше тәсілдермен орындалуы мүмкін: Жобаны құрастырушылар тобының мүшелері жұмыстың орындалуын және орын алған мәселелерді уақытында талқылау, жобаның күйін анықтау үшін жиналыстар өткізу керек.

Инженерлік қызмет үрдісінде жүргізілген барлық үлгілер нәтижесін бағалау. Әрбір есептің нақты басталу уақытын жоспарланған уақытпен салыстыру – «дэдлайнмен» бақылау нүктесін орнату. Орын алған қиындықтар мен мүмкін болатын мәселелер және жұмыстардың орындалу мерзімін болжамдау жөнінде құрастырушылар тобымен формальді емес кездесулер. Аталған қадамдар жұмыс барысында тәжірибелі менеджерлерде қолданылады, құрастырушылар штатын басқару мен мәселелерді шешу үшін, ресурстарды басқару үшін жобаның орындалуын бақылау кезінде де қолданылады.

Егер бақылау жобаның графикке сәйкестігін, бөлінген құралдар көлеміндегі шығындарды көрсетсе, онда басқару жеңіл және нақты болады. Мәселелер туындаған жағдайда оларды шешу үшін қажетті басқарушылық шешімдерді табу қажет. Орын алған мәселелердің себептерін анықтағаннан кейін оны шешу үшін қосымша ресурстар бөлінуі мүмкін және жұмыстардың орындалуы үшін график қайта құрылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет