1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері



бет11/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

5. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері.
Негізгі қорларды есепке алу мен жоспарлау натуралдық және ақшалай формаларда жүргізіледі. Натуралдық көрсеткіштердің көмегімен есепке алу негізгі құралдардың әрбір тобы үшін жеке іске асырылады.
Еңбек құралдары жағдайының неғұрлым толық сипаттамасы үшін әрбір жұмыс орнының аттестациясын жүргізу керек. Ол жұмыс орнының техника-экономикалық деңгейі, еңбек жағдайы, техника қауіпсіздігі сияқты бағыттар бойынша нормативтік талаптар мен алдыңғы қатарлы тәжірибеге сәйкестігін кешенді бағалауды көрсетеді. Натуралдық формадағы негізгі құралдарды бағалау мәліметтері кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу, өндірістік бағдарламаны жоспарлау, жабдықтар балансын құрастыру үшін пайдаланылады. Осы мақсатта жабдықтар инвентаризациясы мен паспортизациясы, оның келуі мен шығуы жүргізіледі.
Ақшалай формада есепке алу негізгі құралдардың жалпы шамасын, динамикасын, құрылымын анықтау, амортизациялық жарналарды, күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін есептеу үшін жүргізіледі.
Негізгі құралдардың өндірістік процесте ұзақ қатысуымен және біртіндеп тозуымен, осы мерзім ішінде ұдайы өндіріс жағдайының өзгеруімен байланысқан бірнеше бағалау түрлері бар. Оны келесі суреттен көруге болады.

Сурет 3. Негізгі қорларды бағалау


Негізгі құралдардың бастапқы құны – бұл құралдарды дайындауға немесе сатып алуға, оларды жеткізу мен монтажға кеткен нақтылы шығындар сомасы. Негізгі құралдарды сатып алуға, құруға және дайындауға кеткен нақтылы шығындар келісім шартқа сәйкес сатушыға немесе жеткізушіге төленетін сомалар; құрылыс мердігерлік келісім шарт бойынша жұмыстарды іске асырғаны үшін ұйымдарға төленетін сомалар; кедендік баждар және басқа да төлемдер; делдалдық ұйымдар арқылы сатып алынған негізгі құралдар үшін төленетін марапаттаулар болуы мүмкін. Бастапқы құны бойынша қорлар есепке қабылданады, олардың амортизациясы мен басқа да көрсеткіштері анықталады.
Қоғам құрылтайшыларынан олардың жарғылық капиталға салымы есебінен түскен негізгі құралдар тараптар келісімімен анықталған құны бойынша бағаланады. Басқа кәсіпорындардан қайтарымсыз немесе мемлекеттік органдардан субсидия ретінде алынған негізгі құралдар қалдық құны бойынша бағаланады.
Қалпына келтіру құны – бұл қазіргі кезде негізгі құралдарды ұдайы өндіруге кеткен шығындар, олар негізгі құралдарды қайта бағалау, жөндеу, модернизация немесе реконструкция кезінде орнатылады. Қайта бағалау қайта есептеу индекстерімен түзетілген енгізгі құралдардың баланстық құнынан шыға отырып жүргізіледі.
Қайта бағалау негізгі құралдар нысандарының құнын берілген уақыт аралығындағы нарықтық бағаларға және ұдайы өндіріс жағдайларына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Қалдық құн негізгі құралдардың бастапқы немесе қалпына келтіру құны мен есептелген тозу сомасы арасындағы айырманы көрсетеді. Қалдық құн негізгі құралдардың шынайы құнының көрсеткіші ретінде пайдаланылады.
Нарықтық құн – негізгі қорлар нысандарының шынайы жағдайын, сұраным мен ұсынымның арақатынасын есепке ала отырып, оларды сатудың неғұрлым ықтималды бағасы.
Баланстық құн – бұл қайта бағалауды есепке ала отырып кәсіпорын балансына алынған нысандардың құны. Ол аралас бағалау болып табылады: бір нысандар үшін баланстық құн ретінде қалпына келтіру құны пайдаланылады, кейбіреулері үшін – бастапқы құн.
Жойылу құны – тозған немесе пайдаланудан шыққан негізгі қорлардың жекелеген нысандарын сату құны.
Негізгі қорларды қайта бағалау – бұл қазіргі кездегі негізгі қорлардың шынайы құнын анықтау және елдегі инвестициялық процестерді қалыптандыру үшін жағдай жасау. Қайта бағалау негізгі қорлар, олардың жалпы көлемі, салалық құрылымы, аймақтық бөлінісі және техникалық жағдайы туралы объективті мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Негізгі құралдардың толық қалпына келтіру құнын анықтау үшін екі әдіс пайдаланылады: индекстік және тура бағалау әдісі. Индекстік әдіс ғимараттар мен құрылғылардың типтері, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары түрлері бойынша дифференциацияланатын негізгі құралдардың өзгеру индекстерін қолдану арқылы жекелеген нысандардың баланстық құнын индексациялауды қарастырады.
Тура есеп әдісі неғұрлым дәл болып табылады және орташа топтық индекстер көмегімен бұрын жүргізілген қайта бағалау нәтижелеріндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қалпына келтіру құны берілген әдісте жекелеген нысандар құнын жаңа нысандарға сәйкес жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан құжатта бекітілген нарықтық бағалары бойынша тура қайта есептеу жолымен анықталады. Қондыруға арналған жабдықтар мен аяқталмаған нысандарды тура қайта есептеу әдісімен қайта бағалау кезінде олардың физикалық және моральдық тозуы ескеріледі. Жер участоктары мен табиғатты пайдалану нысандары қайта бағалауға жатпайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет