1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары мен жолдары



бет13/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
Mathcad для студента, OK MU MathCAD RU 2009, Создание отдельных элементов графического интерфейса, 1 Зертханалық жұмыс (1), эссе, Силлабус, Физика Жауаптар-2, ответы с 14 -25 теория, 1-6 Билеты, Изотермиялы процесс те деуі (m=const; T=const), педагогикалық мамандыққа кіріспе Силлабус-1, алгебра 7-12, тест каз мол 300 тестов, 1лек ИИ
7. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары мен жолдары
Негізгі құралдарды тиімді пайдалану өнім өндірісінің ұлғаюын, жасалған өндірістік потенциал қайтарымының артуын, жабдықтар балансының жақсаруын, өнімнің өзіндік құнының төмендеуін, өндіріс рентабельділігінің өсуін білдіреді.
Негізгі құралдарды неғұрлым толық пайдалану өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде жаңа өндірістік құралдарды енгізу қажеттілігін азайтады.
Негізгі қорлардың табысты қызмет етуі оларды пайдалануды жақсартудың экстенсивті және интенсивті факторлары қаншалықты толық жүзеге асатынынан тәуелді. Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті жақсаруы бір жағынан әрекет етіп тұрған жабдық жұмысы уақытының ұлғаюын, ал екінші жағынан әрекет етіп тұрған жабдықтың барлық жабдық құрамындағы үлес салмағының жоғарылауын жорамалдайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың интенсивті жақсаруы уақыт бірлігіндегі жабдықтардың жүктелу дәрежесінің жоғарылауын жорамалдайды. Бұған машиналар мен механизмдерді модернизациялау, олардың жұмысының оңтайлы режимін орнату кезінде қол жетуі мүмкін.
Негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігі сондай-ақ еңбек құралдарын техникалық жетілдіру, өндіріс технологиясын жетілдіру, өндірістік процестегі «тар жерлерді» жою, басқаруды жетілдіру, жұмысшылардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жоғарылату жолымен артады.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттырудың маңызды бағыты олардың құрылымын жақсарту болып табылады.
Қазіргі кезде негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыруды негіздейтін таіы бір фактор пайда болды. Бұл шаруашылық жүргізудің акционерлік формасы кәсіпорындарды жекешелендіру. Екі жағдайда да еңбек ұжымы негізгі қорлар иелеріне айналады, өндіріс құралдарына шынайы иелік ету мүмкіндігін алады.
8. Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері
Соңғы уақытта кәсіпорын мүлігінде материалдық емес активтердің үлесі артып келеді. Бұл үлкен технологиялық өзгерістермен, белсенді инвестициялық қызметпен, бәсекелестік күрестің өршуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет