1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы



бет15/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

3-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы
Тақырып айналым капиталының құрамы мен құрылымын, айналым құралдарының пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштерді, айналым қаржыларын пайдалануды жақсарту бағыттарын мазмұндайды.
Кілт сөздер: айналым капиталы; айналым қорлары; өндірістік айналмалы қорлар; айналыс қорлары; айналым құралдарының құрылымы; нормаланатын айналым құралдары; нормаланбайтын айналым қорлары; жеке норматив; жиынтық норматив; айналым құралдарын нормалау әдістері; айналым құралдарының айналымдылығы; айналым құралдарының жүктелім коэффициенті.
Дәріс жоспары

  1. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы мен құрылымы.

  2. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер.

  3. Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау.

  4. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталын басқарудың әсері.

  5. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.



1. Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы мен құрылымы.
Үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс процесіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Айналым қорлары – бұл өндірістік процестің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі элементі.
Айналым құралдарының мәні олардың экономикалық ролімен, ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. Өндірістік процеске көп мәрте қатысатын негізгі құралдардан ерекшелігі, айналым құралдары тек бір өндірістік циклда әрекет етіп, өзінің құнын дайын өнімге толығымен көшіреді.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық категория ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналмалы қор мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банктің есеп айырысу шотындағы қаржылар мен дебиторлық қарыздар түрінде көрінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бірқалыптылығын қамтамасыз ету.
Сонымен айналым капиталы деп өндірістік айналмалы қор мен айналыс қорларына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз.
Айналым капиталы дегеніміз өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын-ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.
Өндірістік айналым қорлары – бұл еңбек заттары мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау процесінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу шарты айналым құралдарының (айналым капиталының) болуы болып табылады.
Өндірістік негізгі қорларға қарағанда өндірістік айналым қоры әрбір өндірістік циклда жұмсалып, олардың құны еңбек өнімінің құнына бірден толығымен өтетін заттық элементтердің бөлігі болып саналады. Заттық элементтер еңбек процесі барысында табиғи формасы мен физикалық-химиялық құрамы жағынан біраз өзгеріске ұшырайды. Өндірісте тұтынылу барысында олар өздерінің тұтыну құнын жоғалтады. Ал жаңа тұтыну құны олардың өнімі түрінде пайда болады.
Кәсіпорынның айналым капиталы өндіріс сферасында және айналым сферасында әрекет етіп, жабдықтау, өндіру, өткізу сияқты үш кезеңнен өтеді және осы кезеңдер ішінде әртүрлі табиғи күйге енеді.
Айналмалы өндірістік қорлар мен айналыс қорлары айналым құралдарының материалдық-заттай құрылымын құрайтын әрқилы элементтерге бөлінеді.
Айналмалы өндіріс қорларына мыналар енеді:

  • өндірістік запастар;

  • аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар;

  • болашақ кезеңнің шығындары.

Өндірістік запастар – бұл өндірістік процеске жіберу үшін дайындалған еңбек заттары. Олардың құрамында өз кезегінде мынадай элементтерді бөлуге болады: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын, жағармай, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен комплектіленетін бұйымдар, ыдыс және ыдыс материалдары, ағымдағы жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, арзан бағалы және тез тозатын бұйымдар.
Аяқталмаған өндіріс және өздері дайындайтын жартылай фабрикаттар – бұл өндірістік процеске түскен материалдар мен детальдар, өңдеу немесе жинау процесінде жатқан бөлшектер мен бұйымдар, сондай-ақ бір цехтарда өндірісі толық аяқталмаған және сол кәсіпорынның басқа цехтарында әрі қарай өңдеуге жататын өздерінде дайындалатын жартылай фабрикаттар.
Болашақ кезеңнің шығындары – бұл айналым қорларының заттай емес элементтері. Оған берілген кезеңде (тоқсан, жыл) өндірілетін, бірақ болашақ кезеңнің өніміне жататын жаңа өнімді дайындау мен игеруге кеткен шығындар енеді.
Айналыс қорлары келесі элементтерден тұрады:

  • қоймалардағы дайын өнім;

  • жолдағы тауарлар (тиелген өнім);

  • ақшалай қаражаттар;

  • өнім тұтынушыларымен есеп айырысудағы қаражаттар.

Айналым құралдарының жекелеген элементтері немесе олардың құрамды бөліктері арасындағы арақатынас айналым құралдарының құрылымы деп аталады.Ұдайы өндірістік құрылымда айналмалы өндірістік қорлар мен айналыс қорларының арақатынасы орташа 4:1 құрайды.Айналым құралдарының құрылымы кәсіпорынның салалық тиесілігінен, өндірістік қызметті ұйымдастыру сипаты мен ерекшелілігінен, жабдықтау мен өткізу, тұтынушылармен және жеткізушілермен есеп айырысу шарттарынан тәуелді.
Айналым құралдарының элементтері әртүрде топталады. Әдетте жоспарлау дәрежесі бойынша ажыратылатын екі топты бөледі: нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары. Нормалау – бұл айналым құралдары элементтері бойынша экономикалық негізделген запастар нормасы мен нормативтерін орнату. Нормаланатын айналым құралдарына айналмалы өндірістік қорлар мен дайын өнім жатады. Айналыс қорлары нормаланбайды.
Айналым құралдарын қалыптастыратын көздерге жеке меншік, жалға алынған және тартылған қаражаттар жатады.
Жеке меншік айналым құралдарының жалпы көлемі кәсіпорынмен дербес орнатылады.Әдетте ол тауарлық-материалдық запастарды құруға арналған, жоспарлы өндіріс көлемі мен өнім сатуды қамтамасыз етуге арналған құралдардың минимальды қажеттілігімен анықталады.
Қаржылық жоспарлау процесінде кәсіпорын жеке меншік айналым құралдары нормативтерінің өсімі мен қысқаруын ескереді. Ол Жеке меншік айналым құралдарының өсімі жеке меншік ресурстар есебінен қаржыландырылады.
Жеке меншік айналым құралдарын толықтыру үшін жеке меншік қаражаттарға теңестірілетін тұрақты пассивтер де пайдаланылады. Кәсіпорынға тиесілі болмаса да айналымда пайдаланылатын пассивтер тұрақты деп аталады.
Жыл бойына кәсіпорынның айналым құралдарына деген қажеттілігі өзгеруі мүмкін, сондықтан тек қана жеке меншік қаражаттар есебінен айналым құралдарын қалыптастыру тиімсіз. Бұл жекелеген моменттерде артық айналым құралдарының пайда болуына және оларды үнемді пайдалануға деген стимулдың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыру үшін жалдамалы қаражаттарды пайдаланады.
Уақытша мұқтаждықтарға байланысты айналым құралдарына деген қосымша қажеттілік банктің қысқа мерзімді несиелерімен қамтамасыз етіледі.
Жеке меншік және жалдамалы қаражаттардан басқа кәсіпорын айналымында тартылған қаражаттар да болады. Бұл барлық түрдегі кредиторлық қарыз, сондай-ақ тікелей бағыты бойынша пайдаланғанға дейінгі мақсатты қаржыландыру қаражаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет