3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістемесі Қаржылық талдау пәні қаржылық ресурстар мен олардың тасқындары болып табылады. Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және оның тиімді қызмет етуін арттыру мүмкіндіктерін табу.
Негізгі міндеті – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын тиімді басқару.
Ақпараттық базасы – бухгалтерлік есептілік: баланс пен қаржылық нәтижелер туралы есеп.
Кәсіпорынның қаржылық талдауын құраушылар:
1. кәсіпорынның қаржылық жағдайын жалпы талдау;
2. қаржылық тұрақтылықты талдау кәсіпорынның төлемқабілеттілігін табу үшін жүргізіледі;
3. баланс өтімділігін талдау кәсіпорынның несиеқабілеттілігін бағалау үшін жүргізіледі.
Өтімділік кәсіпорынның міндеттерін жабумен анықталады. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші (Коп).
НЛА +0,5*БРА+0,3*МРА
Коп= НСО+0,5*КСП +0,3*ДСП
Коэф-тің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің ұлғаюын, болашақ кезеңдерде қаржылық қиыншылықтар тәуекелінің төмендеуін көрсетеді, кәсіпорынмен өз міндеттемелерін өтеу кепілін арттырады.
2. Жалдамалы және жеке меншік қаражаттардың арақатынасы
Пv+Пvi
Пiv
Макс 1
Коэф-тің өсуі жалдамалы қаражаттар шамасының оларды жабудың жеке меншік көздерінен артуын бейнелейді.