3. Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі Кәсіпорындар (фирмалар, ұйымдар) бір-бірінен көптеген сипаттамалары бойынша ажыратылады, осылар арқылы олардың жіктелуі жүргізіледі. Кәсіпорындардың жіктелуінің негізгі белгілері мыналар болып табылады.
Қызмет түрі мен сипаты бойынша жіктелуі Кәсіпорындар бір-бірінен салалық тиесілілігімен ажыратылады. Олар өндірістік және өндірістік емес сферадағы кәсіпорындар, әрі қарай ірі бөлімшелер бойынша (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, несие-қаржылық, көлік т.б.) бөлінеді.
Капитал тиесілілігі бойынша жіктелуі Капиталы өз елінің кәсіпкерлеріне тиесілі кәсіпорындар ұлттық деп аталады.
Капиталы толығымен немесе бақылауды қамтамасыз ететін белгілі бір бөлігі шетел кәсіпкерлеріне тиесілі кәсіпорындар шетелдік деп аталады. Мұндай компаниялардың сол елдегі ұйымдастырылуы мен қызметі әрбір елдің заңнамасымен анықталады, ол компанияның тіркелу тәртібін, құқықтық жағдайын, салық салу мөлшерін, еңбек заңына бағынуын орнатады.
Аралас кәсіпорындар деп капиталы екі немесе одан да көп елдің кәсіпкерлеріне тиесілі кәсіпорындарды атайды. Аралас кәсіпорындарды тіркеу құрылтайшылар елінің бірінде жүзеге асырылады, бұл жерде оның штаб-пәтері орналасады.
Меншік формасы бойынша жіктелуі Жеке кәсіпорындар дербес тәуелсіз компаниялар немесе қатысу жүйесінің неізінде құрылған бірлестіктер түрінде болады. Бірлесу формасына байланысты кәсіпорындар заңды дербес болуы немесе шаруашылық және заңды дербестігі болмауы мүмкін, бұл жағдайда мәселерді бас компания шешеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар таза мемлекеттік, аралас немесе жартылай мемлекеттік түрінде болады. Таза мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекетке барлық акционерлік капитал тиесілі, ал жартылай мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекет қандай да бір министрлік атынан акция пакетінің айтарлықтай бөлігін иеленуі мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындарға мыналар жатады: