Ұсынылатын әдебиет тізімі Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы N 135 Заңы
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы. 7 қаңтар 2003.
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы
Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV Заңы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуір № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген. Астана, 2014.
Выварец А.Д. Экономика предприятия. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012
Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М, 2007
7-тақырып. Өнімді өндіру және өткізу шығындары Тақырып шығындардың экономикалық маңызын, жіктелуін, калькуляциялау түсінігі мен әдістерін, үстеме шығындарды мазмұндайды.
Дәріс жоспары
Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы
Кәсіпорын шығындарының жіктелуі
Калькуляциялау, оның түсінігі және әдістері
Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері
Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары
1. Шығындардың экономикалық маңызы, түрлері және құрамы Өндіріс және өнімді өткізу шығындары өнім өндіру прцесінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, сондай-ақ өнім өндірісі мен өткізуге кеткен басқа да шығындардың құндық бағасын көрсетеді.
Өнім өндірісі және өткізу шығындарына төмендегілермен байланысты шығындар енеді:
өндіріс технологиясы және ұйымдастырумен негізделген тікелей өнім өндірісімен;
табиғи шикізатты пайдаланумен;
өндірісті дайындаумен және игерумен;
технология және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен, сондай-ақ өнім сапасын жақсартумен, оның сенімділігін, ұзақ мерзімділігін және басқа да эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылатумен (капиталды емес сипаттағы шығындар);
өнертапқыштықпен және рационализациямен, тәжірибелік-сынақ жұмыстарын жүргізумен, модельдер мен үлгілерді әзірлеумен және сынаумен т.с.с.;
өндірістік процеске қызмет көрсетумен: өндірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, инструменттермен және басқа да еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етумен, өндірістік қорларды жұмыс жағдайынд ұстап тұрумен ;
қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен;
өндірісті басқарумен: кәсіпорынның басқару аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін ұстап тұрумен, іссапарлармен, басқарудың техникалық құралдарын ұстап тұр және қызмет көрсетумен, кеңес беру, ақпараттық және аудиторлық қызметтерге ақы төлеумен және т.б.;
кадрларды дайындаумен және қайта дайындаумен;
мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру жарналарымен;
міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналармен және т.б.