1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет38/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі
Жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мақсатында шығындардың келесі жіктелімі қолданылады:

  • өндіріс түрі бойынша – негізгі және көмекші;

  • өнім түрі бойынша – жекелеген бұйым, біртекті бұйымдардың, тапсырыстардың, жұмыстардың, қызметтердің тобы;

  • шығыстар түрі бойынша – калькуляция баптары және шығындар элементтері;

  • шығындардың туу орны бойынша – участок, цех, өндіріс.

Әртүрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру процесінде шығындар пайда болады. Олар бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруға байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бр шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық құрамы жағынан әртүрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорындарда да өзіндік құн бірдей емес. Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін шығындарды топтау қажеттілігі туады.
Әдеттегі қызмет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру кезінде барлық сала кәсіпорындары үшін бірыңғай және міндетті болып табылатын келесі элементтер бойынша оларды топтау қамтамасыз етілуі тиіс:

  • материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);

  • еңбекақыға кеткен шығындар;

  • әлеуметтік салықтарға аударымдар;

  • амортизация;

  • басқа да шығындар (пошта-телеграф, телефон, іссапар).

Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айналым қорларына қажеттлігі белгіленеді.
Алайда экономикалық элементтер бойынша шығындарды топтау өнім бірлігінің өзіндік құнын және кәсіпорынның жекеленген бөлімшелерінің шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін калькуляциялау баптары бойынша топтау қолданылады. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, шығындарды ассортименттік топтар бойынша бөлуге, шығындарды төмендету резервтерін табуға мүмкіндік береді.
Калькуляция баптары бойынша топтау кезінде шығындар оларды пайдалану бағыты, олардың туу орны бойынша біріктіріледі.
Калькуляция баптары бойынша шығындарды типтік топтастыру келесі түрде болады:

  • шикізат пен материалдар;

  • қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

  • сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

  • өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына шығындар;

  • өндірістік жұмысшлардың қосымша жалақысы;

  • технологиялық мақсатта қолданылатын отын мен энергия;

  • әлеуметтік салыққа аударымдар;

  • жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығындары;

  • өндірісті дайындау және жаңа өндірісті игеру шығындары;

  • цехтық шығындар;

цехтық өзіндік құн

  • жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар;

  • ақаудан жоғалтулар;

тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құн

  • өндірістен тыс шығындар.

Тауарлық өнімнің толық өзіндік құны.
Келтірілген жіктеуде шығындардың алғашқы жеті бабы тікелей жұмыс орнында іске асырылады және өнімнің әрбір түрінің өзіндік құнына тура қатысты. Қалған басқа баптар өндіріске қызмет көрсету және басқару жөніндегі шығындарды жинақтаушы кешенді болып табылады.
Шығындарды жіктеудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі негізгілері төмендегідей:

  1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең шығындары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты коммерциялық шығындар деп аталады. Бұл кез-келген кәсіпорында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді: тасымалдау және өткізу шығындары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс процесінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар мен тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығындары буып-түю және өнімді сұрыптау, дайын өнімді сақтау, қызметкерлердің еңбекақысына, іссапарына кеткен шығындарынан тұрады. Өндірістік және кезең шығындары өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.

  2. Шығындардың ұтымдылығы бойынша өндіргіш және өндіргіш емес болып ажыратылады.Өндіргіш деп ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру жағдайында орнатылған сападағы өнім өндірісіне кетекн еңбек шығындары есептеледі. Өндіргіш емес шығындар технология мен өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктердің (өнім ақауы, тұрып қалудан болатын жоғалтулар) салдары болып табылады.

  3. Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тура және жанама шығындар бөлінеді. Тура шығындар өнімнің нақтылы түрін дайындаумен тікелей байланысты және бекітілген нормалар бойынша олардың өзіндік құнына жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар. Жанама шығындар әрқилы өнім түрлерін әзірлеуге негізделген және жекелеген өнім түрінің өзіндік құнына қандай да бір белгіге пропорционалды жанама (шартты) енгізіледі. Оларға жабдықтарды ұстап тұру мен пайдалануға кететін шығындардың бір бөлігі, жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық және басқа шығындар жатады.

  4. Өндіріс көлемінің өзгеру дәрежесіне байланысты шығындар айнымалы және тұрақты болып бөлінеді. Айнымалы шығындар – бұл сомасы өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді шығындар (өндірістік жұмысшылардың жалақысы, шикізат пен материал, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергия). Тұрақты шығындар – бұл абсолютті өлшемі өндіріс көлемі өзгергенде өзгермейтін немесе шамалы өзгеретін шығындар (ғимараттар амортизациясы, жылытуға арналған отын, ғимаратқа жарық беретін энергия, басқару персоналының жалақысы). Тұрақты және айнымалы шығындардың қосындысы кәсіпорынның жалпы шығындарын құрайды.

  5. Өндіріс процесіндегі функционалдық ролі бойынша негізгі және үстеме шығындарды ажыратады. Негізгі шығындар бұйымды дайындаудың технологиялық процесімен тікелей байланысты. Бұл шикізат пен негізгі материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына кететін шығындар. Үстеме шығындарға өндірістің қалыпты қызмет етуі үшін қажетті жағдайларды жасаумен, оны ұйымдастырумен, басқарумен, қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар үстеме шығындар болып табылады.

  6. Біртектілік дәрежесі бойынша элементтік және кешенді болып бөлінеді. Элементтік (біртекті) шығындарға құрамды бөліктерге бөлуге болмайтын шығындар жатады (шикізатқа, материалдарға кететін шығындар, негізгі қорлардың амортизациясы). Бірнеше біртекті шығындардан тұратын, алғашқы элементтерге бөлінуі мүмкін шығындар кешенді деп аталады (жабдықтарды ұстап тұруға және пайдалануға кететін шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет