1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Инвестицияларды қаржыландыру көздері



бет33/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Инвестицияларды қаржыландыру көздері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын күрделі салымдарды қаржыландырудың бірнеше балама нұсқаларын иеленеді.
Фирманың инвестициялық ресурстары екі негізгі категорияға бөлінуі мүмкін: жеке меншік ресурстары және тартылған ресурстар.Фирманың жеке меншік ресурстарының көзіне амортизациялық жарналарды, бөлінбеген пайданы және кәсіпорынның акционерлік капиталын енгізуге болады.
Амортизациялық жарналар инвестициялық дамуға бағытталған қаражаттарды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Алайда амортизациялық жарналар жылдам құнсызданады, негізгі қорларды қайта бағалау сирек жүргізілгендіктен, шаруашылық жүргізудің жылдам өзгеретін жағдайларына сәйкес жауап қайтара алмайды, сонымен қатар амортизацияның жеделдетілген нормалары да көп пайдаланылмайды.
Бөлінбеген пайда күрделі шығындардың салыстырмалы шағын көлемінде немесе техникалық қайта қарулануды сатылап жүргізгенде пайдаланылады. Алайда қазіргі жағдайда барлық бөлінбеген пайда өндірістік процестің тұрақтылығын қолдау үшін пайдаланылады.
Фирманың жеке меншік инвестициялық көздерінің арасында акционерлік капитал ерекше орын алады. Оның ұлғаюы есебінен кәсіпорынның техникалық қайта қарулануымен, модернизациясымен және реконструкциясымен байланысқан ірі жобалар тиімді қаржыландырылуы мүмкін. Алайда бұл жол акция эмиссиясымен, оларды орналастырумен және кәсіпорын қызметін бақылаумен байланысты қиыншылықтармен қатар жүреді.
Тартылған инвестициялық ресурстардың негізгі көздеріне мыналар жатады: облигациялар және кәсіпорынның басқа орта және ұзақ мерзімді қарыздық бағалы қағаздарының эмиссиясы, инвестициялық несиелердің барлық формалары, қаржылық лизинг.
Облигациялар эмиссиясы өндірістік-техникалық даму, ірі жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қосымша қаржылық ресурстарды тарту көздерінің әлемдік тәжірибесінде танылған және дәстүрлі тәсілдердің бірі. Алайда отандық шаруашылық тәжірибеде берілген қаржылық инструмент бірқатар себептер бойынша тиісті даму алған жоқ.
Біріншіден, жеке және институционалды инвесторлардың басым бөлігі коммерциялық бағалы қағаздарға, әсіресе олар мемлекеттік кепілдемелермен бекітілмесе сенбестікпен қарайды.
Екіншіден, үлкен тәуекел себебі бойынша коммерциялық облигацияларды жабу табыстылығы ұқсас мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығынан айтарлықтай артық болуы тиіс.
Инвестициялық несие категориясына орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады. Инвестициялық несиені алу кезіндегі негізгі мәселе қаржылық институтқа сәйкес қамтамасыз етуді ұсыну болып табылады. Біздің жағдайымызда неғұрлым жиі пайдаланылатын инвестициялық несиелерді қамтамасыз етулер кепілдіктің әртүрлі формалары, құқықтарды өткізу, аманаттау және банктік кепіл болып табылады. Неғұрлым өтімді кепіл қарыз алушы фирманың депозиттік немесе ағымдағы шоттарындағы, сондай-ақ қызмет көрсету мен қарыздарды жабуға қаражаттарды жинақтау үшін банктермен ашылған арнайы шоттардағы ақшалай қаражаттар кепілі болып табылады. Қамтамасыз етудің кең таралған формасы - бұл негізгі активтер, яғни технологиялық жабдықтар мен жылжымайтын мүлік кепілі. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруда кепілге несие ақшаларына сатып алынған жабдық беріледі. Кәсіпорындар үшін кемшіліктеріне қарамастан аталған тәсіл фирманың өнеркәсіптік-техникалық жағдайын қаржыландырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады.
Еліміз экономикасы жағдайында салыстырмалы жаңа форма қаржылық лизинг болып табылады. Инвестициялық ресурстарды тартудың берілген тәсілін пайдаланудың кәдімгі несие алдында артықшылықтары бар. Инвестициялық несиеден ерекшелігі қаржылық лизинг жағдайында өнімнің өзіндік құнына тек пайыздар ғана емес, негізгі төлемдер де жатқызылуы мүмкін. Лизингтік операцияларды есепке алудың осы аспектісі оларды кеңінен енгізуге шынайы база жасайды.
Содан басқа лизингке алынған мүлік лизинг алушының балансына қойылмайды, баланстан тыс шотта жалға алынған мүлік ретінде бейнеленеді.
Инвестициялық көздер бойынша жоғарыда келтірілген мәліметтерді салыстыра отырып, бөлінбеген пайда, амортизациялық жарналар және акционерлік капитал сияқты инвестицияларды қаржыландырудың жеке меншік көздері маңызды мәнге ие деп қорытынды жасауға болады.
Бірақ жеке меншік қаражаттар есебінен қаржыландыру қаржылық тұрақтылықты талап етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет