1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет31/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

Ұсынылатын әдебиет тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Кодексі

  2. Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы:Экономика, 2008

  3. Дуламбаева Р. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2011

  4. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т.,Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2008

  5. Экономика предприятия. Учебник под ред. В.Я.Горфинкеля. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012

  6. Выварец А.Д. Экономика предприятия. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012

  7. Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2009

  8. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015



6-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
Тақырып инвестициялардың экономикалық маңызын, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мазмұны мен міндеттерін, кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі мен тартымдылығын бағалау әдістемесін, инновациялардың жіктелуін сипаттайды.
Кілт сөздер: инвестиция, қаржылық инвестиция, нақты инвестиция, материалдық емес инвестиция, инвестициялық ресурстар, дисконттау, инновация
Дәріс жоспары



  1. Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі

  2. Инвестицияларды қаржыландыру көздері

  3. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері

  4. Инновациялар: маңызы, жіктелуі

  5. Жаңа енгізулерді инвестициялау және басқару



1. Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі
Инвестициялар (ағылшынша investment) «күрделі салымдарды» білдіреді, алайда қазіргі кезде бұл термин неғұрлым кең түсінікке ие.
ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес инвестициялар – бұл инвестициялар пайда алу және жағымды әлеуметтік эффектіге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік қызмет нысандары мен басқа қызмет түрлеріне салынатын ақшалай қаражаттар, банк салымдары, жарналар, акциялар және басқа бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауарлық белгіге берілетін, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар, интеллектуалдық құндылықтар.
Қаржылық анықтамасы бойынша инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында шаруашылық қызметке салынатын активтердің барлық түрлері. Инвестицияның экономикалық анықтамасы негізгі капиталды жасауға, кеңейтуге, реконструкцияға және техникалық қайта қарулануға, сондай-ақ осылармен байланысты айналым капиталының өзгерістеріне шығыстар ретінде түсіндіріледі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің және осының салдары ретінде бәсекеқабілеттіліктің артуының маңызды шартына айналады.
Инвестициялар – бұл жұмсай отырып, көзделген нәтиже алуға болатын ресурс. Инвестициялар қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді капитал салымдары формасында қаржылық ресурстарды пайдалануды көрсетеді. Инвестициялар заңды немесе жеке тұлғалармен іске асырылады.
Инвестициялық процеске тән экономикалық қатынастардың көптүрлілігі инвестицияларды жіктеуді қажет етеді. Барлық инвестиция түрлері мақсаттық белгілеріне қарай үш топқа бөлінеді: қаржылық, нақты және материалдық емес активтер инвестициялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет