1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет32/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

Қаржылық инвестиция – бұл меншіктен түскен табысты иемденуге құқық беретін акциялар, облигациялар және басқа құнды қағаздарға капитал салымы, сондай-ақ банк депозиттері. Қазіргі кезде қаржылық инвестициялардың негізгі түрінің бірі портфельдік инвестициялар болып табылады. Портфельдік инвестициялар портфельді (әртүрлі инвестициялық құндылықтардың жиынтығы) қалыптастырумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқа активтерді сатып алуды көрсетеді. Портфельдік инвестицияларды жүзеге асыру құнды қағаздар нарығында жүреді.
Заңнамаға сәйкес құнды қағаздар нарығының қатысушылары:

  • Құнды қағаз эмитенттері;

  • Инвесторлар;

  • Инвестициялық институттар.

Құнды қағаздар шығаратын және солар бойынша осы құнды қағаз иелері алдында өз атынан жауапты болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе жергілікті әкімшілік орган, акционерленген мемлекеттік мекемелер және акционерлік банктер эмитент деп аталады.
Инвестор – мемлекет немесе АҚ шығарған акцияларды, облигацияларды, басқа да құнды қағаздарды сатып алу жөніндегі инвестициялық жобаға меншікті қаржысымен, басқа да материалдық немесе интеллектуалдық құндылықтарымен салым жасайтын заңды немесе жеке тұлға.
Инвестициялық институт – заңмен рұқсат етілген кез-келген ұйымдық-құқықтық формада құрылған заңды тұлға.
Нақты (тура) инвестициялар – қаржыны материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге салу. Нақты инвестицияларды өз кезегінде келесідей бөлуге болады: жаңа құрылысқа, өндірістік қуаттарды кеңейтуге, жұмыс жасап тұрған өндірісті қайта жаңғырту мен технологиялық қайта жарақтандыруға, істен шыққан құрал-жабдықтар, ғимараттар мен құрылғылардың орнын толтыруға бағытталған.
Шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойына пайдаланылатын және табыс әкелетін материалдық емес активтерге келесі негізде пайда болған құқықтар жатқызылады:

  • Ғылым, әдебиет, өнер туындыларына және аралас құқық нысандарына, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға, мәліметтер негізіне және т.б. авторлық келісімшарттар;

  • өнертабыс патенттері, пайдалы үлгілерге, тауарлық және қызмет көрсету белгілеріне берілген куәлік және оларды пайдалануға берілген лицензиялық келісімшарт;

  • «ноу-хау» құқығы және т.б.

Инвестициялар әрекетінің бағытталу нышанына қарай келесі топтарға бөлуге болады:

    1. бастапқы инвестиция, яғни кәсіпорынды құру немесе сатып алу кезіндегі жоба бойынша жүзеге асырылатын инвестиция;

    2. экстенсивті инвестиция - өндіріс потенциалын арттыруға бағытталады;

    3. инвестицияларды қайта пайдалану – жинақталған бос инвестииялық ресурстар, кәсіпорынның болашақта өмір сүруін және оның негізгі қорының ұтымды құрылымын сақтау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын дайындау немесе салу, қолданыстағы нысандарды жаңасына ауыстыру, өнімді игеру немесе жаңа сату нарықтарын ұйымдастырумен байланысты өндірісті ұтымды етуге, әртараптандыруға жұмсалады.

Инвестиция субъектісі тұрғысынан барлық инвестицияларды мемлекеттік және жеке меншік деп бөлуге болады. Олар өз кезегінде бағыты, мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай бөлінеді. Мемлекеттік инвестициялар негізінен денсаулық сақтау, мәдениет, күрделі ғылыми-зерттеу мақсатына, қорғаныс, экономиканы құрылымдық реттеу үшін салалар мен өндіріс түрлерін басымды түрде қаржыландыруға бағытталады. Жеке инвестициялар таза пайда табуға қолайлы салалар мен кәсіпорындар үшін жұмсалуға бағытталады. Жеке инвестицияны қаржыландыру көзі кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы, амортизациялық қор түріндегі жеке меншік қаражаттары, сонымен қатар сырттан тартылған қаражаттар болып табылады.
Бағытталуына қарай кәсіпорынның инвестициялық қызметін негізгі екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне - өндірістік қуаттарды кеңейту, техникалық қайта жарқтандыру, өнім шығару көлемін арттыру, жаңа өнім түрлерін табу; ал сыртқы қызметке компаниялар мен құнды қағаздарды сатып алу жатады.
Өндіріс қуаттарын кеңейту кәсіпорынның потенциалын, шығарылатын өнім көлемін арттыру, жаңа өнім түрін өндіруге, соның нәтижесінде пайданың көбеюіне алып келеді.
Техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңғырту, жаңа технологияларға көшу қолданыстағы құрал-жабдықтардың жетілдірілген түріне ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдер шығарылатын өнім бірлігіне шаққанда өндіріс шығындарын төмендетуге, демек пайданы, өндіріс тиімділігін арттыруға себеп болады.
Жаңа өнім өндіру пайданы жоғарылатуға, өндірісті әртараптандыруға жағдай туғызады.
Компанияны және құнды қағаздарды сатып алу арқылы ішкі инвестициядан сыртқы инвестицияға көшу мыналарды білдіреді:

  • компанияны сатып алу. Технологиялық тізбектегі кемшілікті жою, нарқты монополиялауға ұмтылу, кәсіпорынның артық қаржысын инвестициялау, әріптестікті күшейту, қызмет саласын алмастыру немесе кеңейтуге ұмтылу мақсатында кәсіпорыннң акциясының бақылау мөлшерін сатып алу;

  • құнды қағаздар сатып алу – бұл қандай да бір қызмет атқармай-ақ тұрақты табс алу мақсатымен жасалған салым түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет