1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Айналым құралдарына деген қажеттілікті анықтау әдістері



бет26/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Айналым құралдарына деген қажеттілікті анықтау әдістері

Кәсіпорынның жеке меншік айналым құралдарына деген қажеттілігін анықтау нормалау процесінде, яғни айналым құралдарының нормативтерін анықтау кезінде іске асырылады.

Нормалау мақсаты белгілі бір мерзімге өндіріс сферасы мен айналыс сферасына аударылатын айналым құралдарының рационалды мөлшерін анықтау болып табылады.

Айналым құралдарына деген қажеттілік қаржылық жоспарды құрастыру кезінде анықталады.

Норматив шамасы тұрақты емес. Жеке меншік айналым құралдарының мөлшері өндіріс көлемінен, жабдықтау мен өткізу шарттарынан, өндірілетін өнім ассортиментінен тәуелді.

Кәсіпорынның жеке меншік айналым құралдарына қажеттілігі есептелген кезде мыналар ескерілуі керек. Жеке меншік айналым құралдарымен тек негізгі өндіріс қажеттілігі ғана емес, қосалқы және көмекші өндіріс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да шаруашылықтардың қажеттіліктері жабылуы тиіс.

Айналым құралдарын нормалау ақшалай көріністе іске асырылады.Оларға деген қажеттілікті анықтау негізіне жоспарлы кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығындар қаланған.

Нормативті анықтау үшін ақшалай көріністегі нормаланатын элементтердің орташа тәуліктік жұмсалуы ескеріледі.Өндірістік запастар бойынша орташа тәуліктік шығын өндіріске кететін шығындар сметасының сәйкес бабы бойынша, аяқталмаған өндіріс бойынша жалпы немесе тауарлық өнімнің өзіндік құнынан шыға отырып, дайын өнім бойынша тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құнының негізінде есептеледі.

Нормалау процесінде жеке және жиынтық нормативтер орнатылады.

Нормалау процесі бірнеше кезектескен сатылардан тұрады. Алдымен нормаланатын айналым құралдарының әрбір элементі бойынша нормалар жасақталады. Норма – бұл айналым құралдарының әрбір элементінің запас көлеміне сәйкес келетін салыстырмалы шама.

Жеке нормативтерге өндірістік запастардағы, аяқталмаған өндіріс пен өздерінде өндірілетін жартылай фабрикаттағы, болашақ кезеңнің шығындарындағы, дайын өнімдегі айналым құралдарының нормативтері жатады.

Айналым құралдарының жекелеген элементінің нормативі мына формула бойынша есептеледі:

Нсэл = Оэлдэл

Мұндағы Нсэл - элемент бойынша жеке меншік құралдардың нормативі;

Оэл – берілген элемент бойынша кезеңдегі айналым;

Тд – кезең ұзақтығы, күндер;

Нэл – берілген элемент бойынша айналым құралдарының нормасы.

Жиынтық норматив жеке нормативтерді қосу жолымен анықталады. Осылайша, айналым құралдарының нормативі кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтардың жоспарланатын запасының ақшалай көрінісін көрсетеді.

Айналым құралдарын нормалаудың мынадай негізгі әдістері қолданылады: тікелей есеп, сараптамалық, коэффициенттік.

Тікелей есеп әдісі кәсіпорынның ұйымдық-техникалық даму деңгейіндегі, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдаудағы, кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу тәжірибесіндегі барлық өзгерістерді есепке ала отырып айналым құралдарының әрбір элементі бойынша запастардың негізделген есептелуін қарастырады. Бұл әдістің еңбек сиымдылығы өте жоғары, экономистерден жоғары біліктілікті, кәсіпорынның барлық бөлімшесінің жұмыскерлерін тартуды талап етеді.

Сараптамалық әдіс жоспарланатын кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда кәсіпорын жұмысында айтарлықтай өзгерістер қарастырылмаса қолданылады. Айналым құралдарының нормативтерін есептеу өндірістің өсу қарқыны мен алдыңғы кезеңдегі нормаланған айналым құралдарының мөлшері арасындағы арақатынасты ескере отырып ірілендіріліп іске асырылады.

Коэффициенттік әдісте жаңа норматив өндіріс, жабдықтау, өнімді сату, есептеулер жағдайын ескере отырып алдыңғы кезеңдегі база нормативтеріне өзгерістер енгізу жолымен анықталады.

Сараптамалық және коэффициенттік әдістер бір жылдан артық қызмет ететін, негізінен өндірістік бағдарламаны қалыптастырған және өндірістік процесті ұйымдастырған, айналым құралдарын жоспарлау облысында білікті экономистері жоқ кәсіпорындармен қолданылады.

Тәжірибеде тікелей есеп әдісі кең таралған. Бұл әдістің артықшылығы жеке және жиынтық нормативтердің неғұрлым дәл есебін жасауға мүмкіндік беретін сенімділік болып табылады.

Айналым құралдарының маңызды элементтерін нормалаудың негізгі әдістерін қарастырайық.

Шикізат запастары, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар бойынша айналым құралдарының нормативтері олардың орташа бір күндік жұмсалуының және күндердегі запастың орташа нормасының негізінде есептеледі.

Бір күндік жұмсалу шығындарды 90 күндегі (өндірістің қалыпты сипатында 360 күн) айналым құралдарының белгілі бір элементіне бөлу жолымен анықталады.

Айналым құралдарының орташа нормасы шикізаттың, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттардың жекелеген түрлерінің немесе топтарының айналым құралдарының нормаларынан және олардың бір күндік жұмсалуынан шыға отырып орташа өлшемелі шама ретінде анықталады.

Материалдардың әрбір түрі немесе біртекті тобы бойынша айналым құралдарының нормасы ағымдағы, сақтандыру, транспорттық, технологиялық және дайындық запастарына келу уақытын ескереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет