1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде



бет27/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Ағымдағы запас – екі кезекті жеткізу арасындағы кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті запастың негізгі түрі. Оның мөлшеріне келісімшарт бойынша материалдарды жеткізу кезеңділігі мен өндірістегі оларды тұтыну көлемі ықпал етеді.Ағымдағы запастағы айналым құралдарының нормасы жабдықтаудың орташа циклының 50% мөлшерінде қабылданады.

Сақтандыру запасы – көлемі бойынша екінші запас түрі. Ол жабдықтауда оқыс ауытқулар болған жағдайда құрылады және кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сақтандыру запасы ағымдағы запастың 50% көлемінде қабылданады.

Транспорттық запас жеткізушілерден айтарлықтай қашықтықта орналасқан кәсіпорындардағы жүк айналым мерзімдері құжат айналым мерзімдерімен салыстырғанда артқан жағдайда жасалады.

Технологиялық запас берілген шикізат түрі белгілі бір тұтынушылық қасиет беру үшін алдын-ала өңдеуге мұқтаж болған жағдайда жасалады. Бұл запас егер ол өндірістік процестің бөлігі болып табылмаған жағдайда ескеріледі.Мысалы кейбір шикізаттар мен материалдар түрін өндіріске дайындау кезінде кептіруге, қыздыруға және ұнтауға уақыт қажет.

Дайындық запасы өндірістік запастарды қабылдау, түсіру,сұрыптау және қоймалау қажеттілігімен байланысты. Бұл операциялар үшін қажетті уақыт нормалары технологиялық есептеулердің негізінде немесе хронометраж арқылы әрбір операция бойынша жеткізудің орташа көлеміне орнатылады.

Шикізат, негізгі материалдар және сатып алынатын жартылай фабрикаттар запастарындағы айналым құралдарының нормативі өндірістік запастардың осы элементі бойынша айналым құралдарына деген жалпы қажеттілікті бейнелейді және ағымдағы, сақтандыру, транспорттық, технологиялық және дайындық запастарындағы айналым құралдары нормаларының қосындысы ретінде есептеледі.Алынған жалпы норма материалдардың әрбір түрі немесе топтары бойынша бір күндік шығысқа көбейтіледі:

Н=Р (Т+С+М+А+Д).

Көмекші материалдардар, отын, ыдыс, арзан бағалы және тез тозатын заттар запастарындағы айналым құралдары өндірістік запастарда нормаланады.

Аяқталмаған өндірістегі айналым құралдары нормативінің шамасы төрт фактордан тәуелді: өндірілетін өнім құрамы мен көлемінен, өндірістік цикл ұзақтығынан, өнімнің өзіндік құнынан және өндіріс процесіндегі шығындардың өсу сипатынан.

Өндірілетін өнім көлемі аяқталмаған өндіріс шамасына тікелей ықпал етеді: өнім неғұрлым көп өндірілсе, аяқталмаған өндіріс көлемі соғұрлым үлкен.

Өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс мөлшеріне тура ықпал етеді. Өндіріске кететін шығындар төмен болса, ақшалай көріністегі аяқталмаған өндіріс көлемі соғұрлым аз.

Аяқталмаған өндіріс көлемі өндірістік циклдың ұзақтығына тура пропорционалды.Өндірістік циклға өндірістік процесс уақыты, келесі операция алдындағы технологиялық запас, транспорттық запас, жартылай фабрикаттардың жинақталу уақыты, өндірістік процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жартылай фабрикаттардың запаста болу уақыты енеді.Аяқталмаған өндірістегі запастардың қысқаруы өндірістік цикл ұзақтығының қысқаруы есебінен айналым құралдарын пайдалануды жақсартуға ықпал етеді.

Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым құралдарының нормасын анықтау үшін бұйымдардың дайындық дәрежесін білу қажет.Оны шығындардың өсу коэффициенті бейнелейді.

Өндіріс процесіндегі барлық шығындар бір мезгілдік және өсуші болып бөлінеді. Алғашқысына өндірістік циклдың басында өндірілетін, яғни шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар шығындары жатады.Қалған шығындар өсуші болып есептелінеді. Өндіріс процесіндегі шығындардың өсуі тепе-тең және тепе-тең емес болуы мүмкін.

Тепе-тең өсуде шығындардың өсу коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К=Фед+1/2Фнедн,

Мұндағы К- шығындардың өсу коэффициенті; Фед – бір мезгілдік шығындар; Фн - өсуші шығындар.

Мысалы, егер жоспар бойынша тоқсандағы шығындар 46мың теңгені құрайды, оның ішінде бір мезгілдік – 24 мың теңге, ал келесілері – 22мың теңге, онда шығындардың өсу коэффициенті:

24+0,5*22/24+22=35/46=0,76.

Бұл мысалда аяқталмаған өндіріс бойынша айналым құралдарының нормасы n күндегі өндірістік циклдың орташа ұзақтығы мен шығындардың өсу коэффициентінің көбейтіндісі ретінде анықталады және мынаған тең: n=18,8*0,76=14,2күн.

Айналым құралдарының аяқталмаған өндіріске нормативі жалпы өнім өндірісіне шығындар сметасы бойынша бір күндік шығыс құны мен айналым құралдары нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады.Егер тоқсандағы жоспар бойынша шығындар сметасы 46мың теңгені құраса, онда бір күндік шығыс 511теңге (46000/90).Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс нормативі:

Н=З*Т*К=511*18,8*0,76=7302теңге.

Мұндағы З – бір күндік шығыс; Т - өндірістік цикл ұзақтығы; К – аяқталмаған өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті.

Дайын өнімге арналған айналым құралдарының нормативі өндірістік өзіндік құн бойынша алдағы жылы шығарылатын бір күндік тауарлық өнім мен айналым құралдары нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады:

Н=В*Т/Д,

Мұндағы Н – дайын өнімге арналған айналым құралдарының нормативі; В- алдағы жылдың 4-ші тоқсанында шығарылатын тауарлық өнім; Д – кезеңдегі күндер саны; Т – дайын өнімге арналған айналым құралдарының нормасы, күндер.

Запас нормасы мынадай уақытқа байланысты орнатылады:


  • жекелеген бұйым түрлерін іріктеуге және оларды партияларға комплектілеуге;

  • өнімді жеткізуші қоймасынан жіберуші станциясына дейін упаковкалау мен тасымалдауға;

  • тиеуге.

Кәсіпорындағы айналым құралдарының жиынтық нормативі олардың барлық элементтері бойынша нормативтердің қосындысына тең және шаруашылық субъектісінің айналым құралдарына деген жалпы қажеттілігін анықтайды.

Айналыс сферасындағы нормаланбайтын айналым құралдарына тиелген тауарлардағы құралдар, ақшалай қаражаттар, дебиторлық қарыздағы қаражаттар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет