2. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Нарықты реттеу әдістері – бұл нарық механизмінің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Нарықты реттеу әдістерін мемлекеттік және мемлекеттік емес әдістер түрінде қарастырады. Мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық саясат, несие, ақша, саясаты бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімшілік реттеулер жатады.
Еңбек ақыны реттеу мәселесін кәсіпорын және мемлекет деңгейінде қарастыруға болады.
Нарықтық қатынастарға байланысты еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруда, реттеуде, өз бетінше жұмыс жасайды.
Бюджеттік сферадағы мемлекеттік меншіктегі кәсіпорын субъектілерге байланысты еңбек ақыны реттеу осы бағыттағы заңдылықтар мен нормативтік актілерге негізделеді.
Кәсіпорын шеңберінде еңбек ақыны мемлекеттік реттеу, минимальды деңгейдегі еңбек ақыны бекіту, шамадан тыс, түнгі жұмыс уақыты, мейрам және демалыс күндеріндегі жұмысқа байланысты төленетін төлемдердің минималды деңгейін бекітумен сипатталады.
Сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жәрдем ақы төлеу, кезекті ақылы және қосымша ақылы еңбек демалыстарына байланысты төлемдерді төлеу тәртібін бекітумен анықталады.
Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы басты саясаттардың бірі орта мерзімді перспективада халықтың табысын одан әрі арттыру болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |