1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері



бет50/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

3.Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері Жоспарланатын, іске асырылатын инвестициялар күрделі (инвестициялық) жобалар формасын қабылдайды. Алайда бұл жобаларды талдау керек, ең алдымен жобаға жұмсалатын шығындар мен оны жүзеге асыру нәтижелерін салыстыру негізінде. Бұл үшін инвестициялық жобаларды талдау жүргізіледі.

Жобалық талдау дегеніміз жобаға кететін шығындар мен одан алынатын тиімділіктерді салыстыру негізінде күрделі жобаның табыстылығын талдау.

Жобаның барлық сатыларында оның негізгі аспектілерін талдау қажет. Талдаудың келесі түрлерін ажыратады:


  1. Техникалық талдау, оның негізінде берілген инвестициялық жоба үшін неғұрлым қолайлы техника мен технология анықталады.

  2. Коммерциялық талдау, ол инвестициялық жобаны іске асырған соң өндірілетін өнімнің өткізу нарығын талдауды қамтиды.

  3. Институционалдық талдау, оның міндетіне жоба жүзеге асырылатын ұйымдық-құқықтық, әкімшілік және коммерциялық ортаны бағалау және оның осы ортаға бейімделуі енеді.

  4. Әлеуметтік талдау, ол жобаның жергілікті тұрғындар өміріне ықпалын зерттеуден, жобаға жағымды немесе бейтарап қатынасқа қол жеткізуден тұрады.

  5. Қоршаған ортаны талдау, оның негізінде қоршаған ортаға жобаның тигізетін залалын сараптамалық бағалау жүргізіледі және осы залалды жеңілдету немесе алдын алу жөніндегі ұсыныстар қалыптасады.

  6. Қаржылық талдау.

  7. Экономикалық талдау.

Инвестициялық жобаның табыстылығын талдай отырып, екі болашақтағы балама ситуацияларды салыстырған жөн: фирма өз жобасын іске асырды; фирма өз жобасын іске асырған жоқ. Модификацияланған түрде бұл тәсілді формула түрінде көрсетуге болады:

Ринв = Рпр - Спр,

Мұндағы, Ринв – инвестициялық жобаның табыстылығы; Рпр – жобаның арқасында табыстағы өзгерістер; Спр – жобаны енгізу салдарынан шығындардың өзгеруі.

Тәжірибеде тиімділік алдын ала берілген, бірақ оларды ақшалай өлшемде бағалау қиынға түсетін жағдайлар кездеседі. Мұндайда ең аз шығындар тәсілі пайдаланылады.

Жобалық талдау принциптерінің бірі әртүрлі уақытта туындайтын шығындар мен табыстарды салыстыру қажеттілігінен тұрады. Жобаны жасау және іске асыру шығындары уақытта созылатыны белгілі, ал жобадан түсетін табыс шығындарды іске асырғаннан кейін туындайды.

Айталық бір тенгені қазір жұмсаудың орнына біз оны тағы бір жылға қарыз аламыз. Нәтижесінде біз тенгені қазір өзімізге жұмсау мүмкіндігінен айырамыз. Алайда бір жылдан соң бізге бір тенге емес көп қайтарады деп жорамалдаймыз: қазір жұмсалған тенге бір жылдан кейінгі тенгеден көп тұрады.

Экономикалық және қаржылық талдауда бір ақшалай өлшемнің ағымдағы және болашақтағы құнын өлшеу үшін арнайы техниканы пайдаланады. Бұл техникалық тәсіл дисконттау деп аталады.

Дисконттау күрделі пайызды есептеуге кері процесс болып табылады. Күрделі пайызды есептеу деп пайыздарды жинақтау есебінен салымның негізгі сомасының өсу процесін айтады, ал пайыздарды жинақтау процесінде алынған сома салым сомасының болашақ құны деп аталады.

Күрделі пайызды есептеуде ағымдағы құнды есептеу қанша жылға жасалатынына байланысты сонша есе (1+ пайыз ставкасы) көбейту жолымен болашақ құнын табады:
FV = PV (1+r)n

Мұндағы, FV – болашақ құн; PV – ағымдағы құн; r – пайыз ставкасы; n – жылдар саны.

Жылына 10%пайыз ставкасынан шыға отырып үшінші жылдың соңында 1 тенге 33 тиын құрау үшін бастапқы салым қанша болуы тиістігін анықтау керек болсын. Бұл бізге белгісіз салым 1 тенге 33 тиын болашақ құнның ағымдағы құны деп аталады. Күрделі пайызды есептеуге кері осы ағымдағы құнды анықтау процесі дисконттау болады.

Дисконттау кезінде ағымдағы құнды болашақ құнды есептеу қанша жылға жасалатына байланысты сонша есе (1+ пайыз ставкасы) бөлу жолымен табады:


PV= FV\(1+r) -n

Дисконттау күрделі пайызды есептеу сияқты пайыздық ставканы пайдалануға негізделеді. Күрделі пайызды есептеу және дисконттау кезіндегі есептеуді қысқарту үшін арнайы кестелер пайдаланылады, онда әрбір жыл және әрбір пайыздық ставка үшін шамалар (1+r)n және (1+r) n алдын ала есептелген. Бұл шамалар сәйкесінше «күрделі пайыз факторы» (өсу көбейткіші) және «дисконттау факторы» (дисконттық көбейткіш) деп аталады.

Дисконт ставкасын қалай анықтаймыз? Экономикалық талдауда оны әртүрлі инвестициялық мүмкіндіктер бойынша алуға болатын табыстылық деңгейі ретінде анықтайды. Қаржылық талдауда дисконт ставкасы ретінде берілген фирма қаржылық қаражаттарды қарызға ала алатын типтік пайызды алады. Егер банктер кәсіпорынды 90% ставка бойынша несиелендірсе, онда бұл дисконт ставкасы болады.

Экономикалық және қаржылық талдауларда дисконттау – бұл болашақ табыстар мен шығындардан ағымдағы құнды алу мақсатында дисконт ставкасы негізінде жыл сайын табыстар мен шығындар ағындарын бір біріне келтіру.

Жобалық талдауда жоба тиімділігі оның табыстылығымен өлшенеді. Жоба табыстылығының басты көрсеткіштері таза келтірілген құн және табыстылықтың ішкі нормасы болып табылады.

Таза келтірілген құн болашақ табыстар ағынының ағымдағы келтірілген құны мен жобаның өмірлік циклында оны жүзеге асыруға және әрекет етуге кеткен болашақ шығындар ағыныныңағымдағы келтірілген құны арасындағы айырма ретінде анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет