1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Жаңа енгізулерді инвестициялау және басқару



бет53/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

5.Жаңа енгізулерді инвестициялау және басқару

Материалдық өндіріс сферасындағы инвестициялар мен жаңа енгізулер өзара негізделген.Жаңа бұйымдарды игеру мен шығару, жаңа техника мен технологияны қолдану оларды қаржыландыру мүмкіндігі болғанда ғана шындыққа айналады. Кәсіпорындардарда инвестицияларға арналған қаржылық ресурстар келесі бағыттар бойынша бөлінеді:



  • жаңа өнімді игеру және шығару;

  • техникалық қайта қарулану;

  • өндірісті ұлғайту;

  • реконструкция;

  • жаңа құрылыс.

Инвестицияның көрсетілген бағыттарын айқын бөлу мүмкін емес. Шектеу басты бағыт бойынша жүргізіледі. Өндірісті қайта құруға арналған инвестициялар жаңа бұйымдарды шығаруға бағытталса, бұл бағыт жаңа өнімдерді игеру деп аталады. Мұнда технология мен өндірісті ұйымдастыруға прогрессивті өзгерістер енгізіледі, мұның өзі өндіріске ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін кешенді және жылдам енгізуді қамтамасыз етеді.

Күрделі құрылыста материалдық, қаржы, еңбек ресурстарын нысандарды техникалық қайта қарулануға және реконструкцияға шоғырландырған жөн. Жаңа құрылысты тек неғұрлым перспективалық және дамушы өнімдер мен өндіріс салаларын дамытуды жеделдету үшін, сондай-ақ дәстүрлі өндірістік құрылымға келмейтін мүлдем жаңа техника мен технологияны игергенде бастаған жөн.

Кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің техникалық қайта қарулануы дегеніміз ескі өндірістік техника мен технологияның техника-экономикалық көрсеткіштері жоғары, жаңасына алмасуы жүретін жаңару формасы. Мұндай алмасу өндірістік аумақтың кеңеюінсіз жүзеге асады.

Әрекет етуші кәсіпорындарды ұлғайту – бұл өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында инвестициялау. Ол жаңа қосымша цехтар мен негізгі өндірістің басқа бөлімшелерінің, сондай-ақ жаңа көмекші және қызмет көрсетуші цехтар мен участоктардың құрылысын жорамалдайды. Әдетте өндірісті кеңейту жаңа техникалық негізде жүргізіледі, сәйкесінше ол қуаттардың экстенсивті ұлғаюын ғана емес, өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауын қарастырады.

Реконструкцияға моральдық және физикалық тозған машиналар мен жабдықтарды ауыстырумен, үйлер мен ғимараттарды жетілдірумен және қайта құрумен байланысқан шаралар жатады. Кәсіпорындардың реконструкциясы өндірістің диверсификациялануына және жаңа өнімді шығаруды игеруге байланысты жүргізіледі. Бұл күрделі салымдарды үнемдеуге, білікті жұмыс күшін пайдалануға мүмкіндік береді. Реконструкция өндірістің техникалық деңгейі мен өнімнің өсуіне бағытталған.

Өндірістік кәсіпорындарды реконструкциялау мен техникалық қайта қаруландыру жаңа құрылысқа қарағанда неғұрлым тиімді және күрделі салымдардың прогрессивті құрылымымен ерекшеленеді. Мұнда негізгі құралдардың активті бөлігі жаңарады.

Өндіріс сферасындағы инвестициялар жобадан басталады. Жоба – бұл қандай да бір істің ойы, ойды сипаттау және берілген ойды іске асыру жоспары. Ой жобалық тапсырмады мазмұндалады, онда ойдың түпкі міндеті қалыптасып, шектеулер қойылады:


  • жобаны әзірлеу және жүзеге асыру мерзімдері бойынша;

  • сатылар бойынша жобаны жүзеге асыру шығындарына;

  • жоба өнімінің сипаттамасына, сапасына және мөлшеріне.

Жобалық тапсырма негізінде орындалған жобаны сипаттау техникалық құжаттама түрінде беріледі, оған мыналар енеді: а) жобаның түпкі өнімін және оның сипаттамасын жалпы бейнелеу; б) жұмыс құжаттамасы.

Ойды жүзеге асыру жоспары мыналарды мазмұндайды:



  • жобаның тұтастай және сатылар бойынша жүзеге асу мерзімдері;

  • жобаның тұтастай және оның бөлімдері бойынша нақтылы орындаушыларының атауы;

  • жобаның сатылары, шығыстар құрылымы бойынша және тұтастай жұзеге асыру шығындары;

  • бақылау және оперативтік реттеу жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет