1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы



бет43/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы

Еңбек ақының тарифсіз жүйесі – бұл еңбек ақының бөлуші түрі, мунда жұмыскердің немесе топтың жалақысы барлық ұжым жұмысының топкі нәтижелерінен толық тәуелділікте болады. Еңбек ақының тарифсіз моделінде ұжымдық және жеке материалдық мүдделер бірігеді. Әрбір і-ші жұмыскердің жеке жалақысы (ЗПі) бұл жағдайда барлық ұжымның еңбек ақы қорындағы он үлесін көрсетеді.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың тарифсіз жүйесіне келесі негізгі белгілер тән:



  • жұмыскердің еңбек ақы деңгейінің ұжымдық нәтижелер бойынша есептелетін еңбек ақы қорынан тәуелділігі;

  • әрбір жұмыскерге он біліктілік деңгейін кешенді сипаттайтын және алдыңғы еңбек қызметі туралы мәліметтер бойынша жалпы еңбек нәтижесіне оның үлесін анықтайтын тұрақты немесе салыстырмалы тұрақты коэффициенттер беру (базалық КТУ);

  • әрбір жұмыскерге он біліктілік деңгейінің бағасын толықтыратын ағымдағы КТУ беру.

І-ші жұмыскердің жеке еңбек ақысы мынаған тең:

ЗПі=ФОТкхКкуіхКТУіхТі\суммаКкуіхКТУіхТі

Мұндағы, ФОТк – жұмыскерлер арасында бөлінетін ұжымның еңбек ақы қоры, Ккуі – жұмыскерге еңбек ұжымымен берілген біліктілік деңгей коэффициенті, баллдар, бірлік үлесі; КТУі – і-ші жұмыскердің ағымдағы жұмыс нәтижелеріне еңбек қатысу коэффициенті; Ті – і-ші жұмыскермен өтелген жұмыс уақытының саны; n – еңбек ақы қорын бөлуде қатысатын жұмыскерлер саны.

Тарифсіз жүйе қатарына келісімшарттық жүйені жатқызуға болады, мұнда жұмыс беруші жұмыскерді жалдай отырып, онымен белгілі жұмыс үшін ақының нақтылы сомасымен келіседі.

Қызметкерлердің еңбек ақысы оларға штаттық кесте бойынша бекітілген окладпен және сыйақының әрекет етуші жүйесіне сәйкес іске асырылады. Өзінің сипаты бойынша ол мерзімді-сыйақылы жүйеге ұқсас, айырмашылығы тарифтік ставканың орнына айлық немесе жылдық оклад қолданылады.

Жұмыс жасайтындардың барлық категориясына жалақы төлеудің негізгі көзі еңбек ақы қоры болып табылады. Еңбек ақы қорының жоспарлы шамасы әрқилы тәсілдермен анықталуы мүмкін.

1. Тура есеп әдісі:

ФОТ = Чсп х ЗПср,

Мұндағы, Чсп – жұмыс жасайтындардың орташа тізімдік жоспарлы саны; ЗПср – жоспарлы кезеңдегі бір жұмыскердің орташа жалақысы.

Берілген әдістің көмегімен еңбек ақының жалпы қоры жұмыскерлер санынан да және тұтастай кәсіпорын бойынша олардың жалақысынан да шыға отырып есептелуі мүмкін.

2. Нормативті есеп әдісі:

ФОТ = Q х Нзп,

Мұндағы, Q – жоспарлы кезеңде шығарылатын өнімнің жалпы көлемі; Нзп – 1тенге шығарылатын өнімге жалақы нормативі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет