6. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
Шетелдерде материалдық ынталандырудың пайдаға қатысу сияқты формасы кеңінен таралған. Пайдаға қатысу дегеніміз еңбек өнімділігінің өсуі немесе сапаның артуы нәтижесінде алынған қосымша пайданы жұмыскерлер мен компания арасында бөлу.
Пайдаға қатысу жүйесіндегі неғұрлым белгілері Скэнлон, Ракер, Ипрошеар.
Скэнлон жүйесінде сатылған өнім көлемінің құнындағы еңбек ақы үлесінің төмендеуі нәтижесінде құрылған үнемдеу бөлінеді. Бұл үшін нақтылы сату көлемі базалық кезеңде сатылған өнім құнындағы еңбек ақы үлесіне көбейтіледі.Алынған сомадан еңбек ақыға кеткен нақтылы шығындар алынып тасталынады. Үнемдеу жағдайында ол 3:1 арақатынасында жұмыскерлер мен компания арасында бөлінеді.Сыйақыға бағытталаын соманың 1/5 бөлігі еңбекақының резервтік қорына барады, ал қалған бөлігі еңбек үлесі бойынша бөлінеді. Бұл жүйені өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары кәсіпорындарда қолдану ұсынылады, мұнда өзіндік құндағы еңбек ақы шығындарының үлесі жоғары.
Капитал сиымды салалар үшін Ракер жүйесі ұсынылады. Мұнда үнемдеу көзі шартты таза өнімдегі еңбек ақы үлесінің төмендеуі болып табылады. Үнемдеуді есептеу үшін «Ракер стандарты» анықталады – шартты таза өнімдегі еңбек ақының үлесі. Шартты таза өнімнің нақтылы шамасын Ракер стандартына көбейтеді және алынған сомадан еңбек ақыға кеткен нақтылы шығындарды шығарып тастайды. Осылайша үнемдеу сомасы анықталады, оның бір бөлігі пайдадан жыл сайын жұмыскерлерге сыйақы төлеуге бағытталады. Бұл жүйенің капитал сиымды салаларда қолданылуы шартты таза өнімнің долларына шаққандағы еңбек ақы шығындарының төмендеуіне еңбк сиымдылығының төмендеуімен және өнімнің материал сиымдылығының төмендеуімен қол жеткізілуіне негізделген.
Ипрошеар жүйесінде өнім бірлігіне шаққандағы жұмыс уақыты шығындарының базалық нормативі анықталады. Пайдадан төлемдер төлеу нормативпен салыстырғанда өнім бірлігіне келетін жұмыс уақыты шығындарының төмендеу нәтижесінде қол жеткізілген еңбек ақы қаражаттарын үнемдеу болғанда жүзеге асырылады. Берілген жүйені қолдану кезінде өндірістің техникалық базасы өзгергенде норматив қайта қаралуы тиістігі ескерілу қажет.
Еңбекке ақы төлеудің жаңа түрі еңбек келісімшарттарының негізінде ақы төлеу болып табылады. Келісім шарт – бұл жұмыс беруші мен жұмыскер арасында соңғысының жұмыс күшін сатып алу-сату және пайдалану шарттары жөнінде коммерциялық келісім. Ол штаттық жұмыскермен, қосымша жұмыскермен және штатқа енбейтін жұмыскермен жасалуы мүмкін.
Қысқа мерзімді келісімшартта түпкі нәтижеге бір мезгілдік төлемдер жүргізіледі.Ұзақ мерзімді келісім шарт жасасқанда ақы төлеу сатылы түрде немесе ай сайын аванстық төлемдер берілуі мүмкін.Келісім шартта қарастырылмаған жұмысқа қосымша ақы төленеді.
Келісім шарттағы әлеуметтік кепілдіктер ынталандырушы роль атқарады. Заңмен орнатылған кепілдіктерден басқа онда кәсіпорын қаражаттарынан ұсынылатын қосымша әлеуметтік қызметтер көрсетілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |